Мемлекеттік қызметшілерді онлайн форматта оқыту

Мемлекеттік қызметшілерді онлайн форматта оқыту

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаментінің Мемлекеттік қызмет басқармасының басшысы С. Хасеновамен Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Павлодар облысы бойынша филиалының тыңдаушыларына арналған дәрістік сабақтар, интерактивті сессиялар мен тренингтер тұрақты түрде жалғасуда.

Мысалы, ағымдағы жылдың мамыр айында онлайн форматта кезекті дәріс өткізілді.

Іс-шара барысында тыңдаушыларға мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамаға енгізілген соңғы өзгерістер туралы еске салды.

Спикермен атап өтілді:

  • қазір заңнамаға өзгерістер енгізу шеңберінде жетекші шетелдік жоғары оқу орындарының түлектерін, халықаралық, трансұлттық және шетелдік компанияларда жұмыс тәжірибесі бар тұлғаларды, квазимемлекеттік сектор субъектілеріндегі жетекшілерді Мемлекеттік қызметке конкурстан тыс тағайындау мүмкіндігі пайда болды;
  • мемлекеттік тапсырыс шеңберінде оқитын мемлекеттік қызметкерлер оқуды аяқтамаған жағдайда, оларды оқытуға бөлінген бюджет қаражатын өтеуге міндетті;
  • мәдениет, дене шынықтыру және спорт, білім беру мен денсаулық сақтау мәселелеріне жетекшілік ететін салалық министрліктермен әңгімелесу кезеңінің алдында жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың бірінші басшылары лауазымына конкурсқа қатысушыларды келісудің қосымша кезеңі енгізілді;
  • мемлекеттік органның құрылымын қайта құру, жою, өзгерту кезінде және т.б. мемлекеттік қызметшілерді әлеуметтік қорғау шаралары нақтыланды.

Сонымен қатар, мемлекеттік қызметке кіру ережелеріне енгізілген негізгі өзгерістер, сынақ мерзімінен өту шарттары және тәлімгерлерді бекіту тәртібі, мемлекеттік қызметте болуға байланысты шектеулер және т. б. атап өтілді.

Сонымен қатар, басқарма басшысы сынақ мерзімі мемлекеттік қызметке алғаш қабылданған тұлғаларға ғана тағайындалатынын атап өтті. Бүгінгі күні мемлекеттік қызметке қайта түсушілерге сынақ мерзімін тағайындау бойынша талап жойылды, белгіленген жағдайларды қоспағанда.

Конкурстық рәсімдерді өткізу тәртібі, конкурсқа ұсынылатын құжаттар тізбесін қысқарту, үміткердің өз бақылаушысын шақыруы, бейне байланыс арқылы сұхбаттасуға қатысуы бойынша және т.б. негізгі талаптарға толық тоқталды.

Соңында қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив