«ANTIKOR.LIVE».  Еуразия ұлттық университетінің ректорымен онлайн сұхбат

«ANTIKOR.LIVE». Еуразия ұлттық университетінің ректорымен онлайн сұхбат

 

Бүгін «ANTIKOR ORTALYGY» алаңында тарих ғылымдарының докторы, ҚР ҰҒА Вице-президенті, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ ректоры СЫДЫҚОВ ЕРЛАН БӘТТАШҰЛЫ және «Астана – адалдық алаңы» жобасының жетекшісі, Нұр-Сұлтан қ. әкімінің кеңесшісі, қалалық мәслихат депутаты ШЕКЕНОВ МИРАС ЕРҒАЛИҰЛЫ «ANTIKOR.LIVE» жобасы аясында «Қоғам және парасат» тақырыбында Facebook және Instagram әлеуметтік желілері арқылы онлайн сұхбат жүргізді.

         Эфир барысында Ерлан Сыдықов қоғамда адалдық, әділдік, парасаттылықты насихаттау және рухани құндылықтар арқылы жастар қауымын тәрбиелеу жөнінде атап өтті.

         Университетте әділдікке және сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған «Әдеп» жобалық кеңсесі іске асырылуда. Оқытушылар мен студенттер жемқорлық көріністері пайда болған жағдайда университеттің call-орталығына хабарласа алады. Сонымен қатар «бір терезе» қағидаты бойынша білім алушыларға арналған қызмет көрсету орталығы жұмыс істейді.

         Ректорлар кеңесінің төрағасы Ерлан Сыдықов жоғары оқу орындарындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған жұмыстар жөнінде атап өтті.

         «Мамыр айында жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында ашықтықты қамтамасыз ету үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт бекітілді. Онда сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты жүргізудің барлық принциптері мен жүйелік тетіктері көрсетілген.

         Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартқа ақпараттық ашықтық, қолжетімділік, есеп беру, азаматтық қоғамды тарту, қоғамдық бақылауды дамыту қағидаттары енгізілді» - деді Ерлан Сыдықов. 

         40 жылдан аса білім саласында қызмет етіп жүрген университет ректоры адал ниет, автордың құқықтарын қорғау, ашықтық, білім алушылардың құқықтары мен бостандықтарын құрметтеу және теңдік қағидаттарын әрқашан басшылыққа алу қажеттігін жеткізді.

         «Қоғаммен кері байланыс орнату өте маңызды. Біз әрқашан азаматтармен сұхбаттасуға дайынбыз. Мен университет сайтында өз блогымды жүргіземін. Құқық бұзушылықтың алдын-алу мақсатында сыбайлас жемқорлық мәселелерін қадағалау үшін мониторинг жүргізіліп отырады. Сонымен қатар гранттар, жатақхана мен бос жұмыс орындары туралы ақпараттар сайтқа міндетті түрде орналастырылады» - деді ректор.

Еуразия Ұлттық университеті 2020 жылғы Қазақстанның жоғары оқу орындарының ұлттық рейтингісінде жеңіске жетіп, үзік деп танылған. 

Сараптаманы жасаған - тәуелсіз аккредиттеу және рейтинг агенттігі. Ол білім сапасын қамтамасыз ету бойынша халықаралық жетекші аккредитация агенттігі болып табылады. Агенттік - еуропа, азия және америка желілері мен сапалы білім беру агенттіктерінің мүшесі. Университеттердің ұлттық рейтингі ақпарат көздерінің ашықтығы, объективтілігі, тексерілуі және қол жетімділігі қағидаттарының сақталуына негізделген.

Университет ректоры жастар қауымы, өскелең ұрпақ әділ және шыншылдық қағидаттарын берік ұстануы қажет. Патриоттық сезім мен рухани байлық - мың жылдық болашағымыздың кепілі деді.

Желі қолданушылары ұйымдастырылған сұхбатқа алғыстарын білдіріп, еліміздің алдыңғы қатарлы университетіне және жалпы жоғары оқу орындарына қатысты сұрақтарына жауап алды.

Ерлан Сыдықов сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментінің сервистік орталығы және «Астана – адалдық алаңы» жоба кеңсесімен танысып, азаматтар үшін жасалған қолайлы жағдайлар еліміздің дамуына үлкен үлес қосатынын жеткізді.  

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив