ANTIKOR.LIVE: «SANALY URPAQ» ЖОБААСЫНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУ БАРЫСЫ БАЯНДАЛДЫ

ANTIKOR.LIVE: «SANALY URPAQ» ЖОБААСЫНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУ БАРЫСЫ БАЯНДАЛДЫ

«ANTIKOR.LIVE» жобасының аясында С.Аманжолова атындағы ШҚМУ-нің "Sanaly urpaq" жобалық кеңсесінің жетекшісі Гүлмира Байркенова тікелей эфир өткізді. Тікелей эфир барысында университет қабырғасында жобаны жүзеге асырудың тұжырымдамалық негіздері және академиялық адалдықты енгізу және насихаттау бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы айтылды.

Сонымен, жоба аясында ақпараттық жүйелер арқылы оқу процесінің ашықтығы мен айқындылығын қамтамасыз ету бойынша нормативтік база мен институционалдық негіз құрылған: бұл сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша онлайн портал, онда студенттердің сабаққа қатысуы туралы, үлгерімдері туралы, бос гранттар мен студенттер үйлеріндегі бос орындар туралы ақпарат, сондай-ақ жобалық офис пен "Sanaly urpaq" кеңсесінің фронт қызметі туралы ақпарат орналастырылады.

"Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою үшін С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінде "Парасат" студенттерге қызмет көрсету орталығы жұмыс істейді. Аталған орталық өз қызметін "бір терезе" қағидаты бойынша жүзеге асырады. Қызметтердің көпшілігі тікелей қарым-қатынасқа жол бермеу мақсатында электрондық форматта ұсынылады. Сондай-ақ, ШҚМУ-дың барлық оқу ғимараттарында сенім жәшіктері орналастырылған", - деп атап өтті Г.Байркенова.

"Sanaly urpaq" жобасы білім беру жүйесіндегі сыбайлас жемқорлықты жою, білім беру жүйесі арқылы сыбайлас жемқорлықты жалпыға ортақ қабылдамау ортасын қалыптастыру, сыбайлас жемқорлықтан ада Қазақстанда өмір сүруге бағытталған патриот әрі бәсекеге қабілетті жастарды тәрбиелеу мақсатында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасымен жүзеге асырылады.

 

 

 

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив