БҒМ: мақтааралдық оқушылар жіті назарда

БҒМ: мақтааралдық оқушылар жіті назарда

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Мақтаарал ауданында су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға жан-жақты көмек пен қолдау көрсетуді міндеттеді. Үкімет басшысы Президент тапсырмаларының орындалуын қамтамасыз ету аясында мақтааралдық балаларды сауықтыру жұмыстарын қолға алуды тапсырган болатын.

Түркістан облысында зардап шекен балаларды сауықтыру, олардың білім алуына жағдай жасау және ҰБТ-ға дайындалуына көмектесу бойынша тиісті жұмыстар атқарылып жатыр. Бүгін ҚР Білім және ғылым министрлігінің аппараттық жиналысында Мемлекет басшысы міндеттеген тапсырмалардың орындалу барысы пысықталды.

Мақтаарал ауданында су тасқынынан зардап шеккен Жеңіс, Нұрлы жол, Жаңа тұрмыс, Өргебас, Фирдоуси елді мекендерінде мектеп жасындағы 1820 бала бар. Олардың басым бөлігі «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығына барады. Ол үшін карантин кезінде жұмысын тоқтатқан орталықтың  қызметін жандандыру туралы шешім қабылданды. Қалғаны «Еркежан», «Бәйшешек», «Сарыағаш», «Қазығұрт» «Балдәурен» (жекеменшік) лагерьлеріне жіберіледі. Сондай-ақ, өңірдегі жоғары оқу орындарының жатақханаларында балаларға оқу сауықтыру жұмыстары ұйымдастырылады. Онда балалар сабақ оқып, тамақтанып, демалады.

Айта кетейік, мақтааралдық балалардың жағдайын Білім және ғылым министрлігінің Балалар құқықтарын қорғау комитеті мен өңірдегі Білім басқармасы жіті назарда ұстап отыр.

 

 

БҒМ баспасөз қызметі

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив