ANTIKOR.LIVE. ЕЛОРДАДА «РROTECTING BUSINESS AND INVESTMENTS» ЖОБАСЫ ІСКЕ АСЫРЫЛУДА

ANTIKOR.LIVE. ЕЛОРДАДА «РROTECTING BUSINESS AND INVESTMENTS» ЖОБАСЫ ІСКЕ АСЫРЫЛУДА

         Бүгін «Рrotecting business and investments» жобасы аясында Нұр-Сұлтан қаласының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті басшысының бірінші орынбасары Жазира Жылқышиева мен «Singapore International School Kazakhstan» ЖШС директоры Серік Қарымсақовтың қатысуымен бизнес пен инвестицияларды сыбайлас жемқорлықтан қорғау мәселелері онлайн сұхбатта талқыланды.

         «Рrotecting business and investments»  жобалық кеңсесі 2018 жылы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет пен Сыртқы істер және инвестициялар және даму министрліктерінің бастамасы бойынша қолайлы инвестициялық климат құру және мемлекеттік билік институттарына бизнес пен инвесторлардың сенімін арттыру мақсатында құрылған.

         Жыл басынан бері Департамент инвесторлармен 8 млрд. теңгеден астам соманы құрайтын 4 келісімге қол қойды.

         «Singapore International School Kazakhstan» ЖШС директоры Серік Қарымсақов 3 млрд. теңгені құрайтын инфрақұрылымы дамыған 1000 орындық мектеп қалашығы (Сингапур мектебі) құрылысының жобасы туралы айтып берді.

         Мектепте оқыту Сингапурлық команданың басшылығымен шетелдік білім беру жүйесі аясында жүргізіледі. Оқу орнынан басқа аумақта офистер, тұруға арналған кампустар, халықаралық стандарттарға сәйкес спорт алаңдары орналасатын болады. Қазіргі уақытта нысанның орналасқан жері анықталып, жер телімін рәсімдеу жұмыстары жүргізіліп, жергілікті атқарушы органдарымен келісу сатысында.

         Серік Қарымсақов сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке өзара іс-қимыл және инвестицияларды қолдау үшін алғысын білдірді.

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив