ANTIKOR.LIVE: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен кедергісіз қарым-қатынас жасау

ANTIKOR.LIVE: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен кедергісіз қарым-қатынас жасау

Коронавирусқа қарсы күреске байланысты қалыптасқан жағдайлар қарым-қатынас процесін электрондық форматқа аударды. Осыған байланысты, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ТЖ кезінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алуды күшейту және халықпен кедергісіз байланыс орнату туралы тапсырмасын орындау мақсатында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) «ANTIKOR.LIVE» жобасын жүзеге асыруда.

Бұл жоба парасаттылық саясатын түсіндіруге және әлеуметтік желілер мен өзге де ақпараттық интернет-ресурстар арқылы халық арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған.

Шынында да, біздің отандастарымыздың басым бөлігі қазіргі таңда әлеуметтік желілерде белсенділік танытуда және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің міндеті халықпен тиімді өзара іс-қимылды орнату үшін осы жағдайды оңтайлы пайдалана алу.

Көбінесе бізге сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің қызметі туралы шынайы, өзекті ақпарат жетіспейді немесе толғандыратын сұрақтарға тез жауап алу мүмкіндігі боолмай жатады.

Бүгінгі күні жоғарыда аталған «ANTIKOR.LIVE» жобасы аясында ШҚО сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі күн сайын, сағат 11.00-ден 12.00-ге дейін халықпен "тікелей эфирге" шығуда.

Біздің отандастарымыз өзінің ақпарат алу құқығын бұл жағдайда тиімді пайдалана алады деп үміттенемін.

Екінші жағынан, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің бұл қадамдары халықтың мемлекеттік органдарға сенімін арттыруға, Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүзеге асырып жатқан саясатын оң бағалауға ықпал етеді.

 

Г.Байркенова

С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-нің «Саналы ұрпақ» жобалық кеңсесінің жетекшісі

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив