АҚПАРАТ ЖӘНЕ ҚОҒАМДЫҚ ДАМУ МИНИСТРЛІГІНДЕ ҚР ҚПК 200-БАБЫ ТӘРТІБІНДЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТТІҢ ҰСЫНЫМДАРЫ ҚАРАЛДЫ.

АҚПАРАТ ЖӘНЕ ҚОҒАМДЫҚ ДАМУ МИНИСТРЛІГІНДЕ ҚР ҚПК 200-БАБЫ ТӘРТІБІНДЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТТІҢ ҰСЫНЫМДАРЫ ҚАРАЛДЫ.

Департамент басшысының бірінші орынбасары Жазира Жылқышиева мен департамент басшысы орынбасарының м.а. Мэлс Ақилбаев ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің «Талдау және ақпарат орталығы» РМК басшылығы және қызметкерлерімен ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 200 бабына сәйкес қылмыстың жасалуына ықпал еткен себептер мен жағдайларды және басқа да заң бұзушылықтарды жою жөнінде кеңес өткізді.

Бейнеконференция байланыс режимі арқылы Ақпарат комитеті төрағасының орынбасары Михаил Комиссаров, Министрліктің Заң департаменті директорының орынбасары Әділбек Махамбетәліұлы, Министрліктің экономика және қаржы департаментінің директоры Қанат Бейсенов қатысты.

Отырыста «Талдау және ақпарат орталығы» РМК басшысы мен қызметкерлеріне қатысты сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Департаменттің ұсынысы қаралды, олардың әрекеттері мердігерлік ұйымның сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке жүгінуіне себеп болды.

Комитеттің қарау нәтижелері бойынша қолданыстағы заңнаманы бұзуға жол берген Орталық басшылығы мен қызметкерлеріне қатысты тәртіптік сипаттағы шаралар қабылданатын болады, сондай-ақ ведомстволық бағынысты ұйымдарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілетін болады.

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын алдын алу мақсатында Жазира Жылқышиева қол астындағы қызметкерлердің сыбайлас жемқорлық фактілері үшін бірінші басшылардың жеке жауапкершілігін күшейту бойынша заңнамалық актілерге енгізілген өзгерістер, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің жаңа бастамалары және 1424 Саll-орталығының  жұмысы туралы хабардар етті.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив