IV тоқсан басталғалы Министрліктің call-орталығына 97 өтініш келіп түсті

IV тоқсан басталғалы Министрліктің call-орталығына 97 өтініш келіп түсті

IV тоқсан басталғалы ҚР Білім және ғылым министрлігінің call-орталығына 97 өтініш келіп түсті. Олардың ішінде Министрдің қашықтан оқыту бойынша есеп беруді  талап етпеу жөніндегі  бұйрығының мектеп әкімшілігі немесе білім беру бөлімдері тарабынан бұзылғандығы туралы педагогтердің шағымдары да бар.

Барлық шағымдар қаралды. Кейбір жағдайларда бұйрықты бұзу фактілері расталды.

Бүгінгі күні педагогтерден қашықтан оқыту бойынша есеп беруді талап еткені үшін (видеофрагменттер, скриншоттар мен фото) Алматы облысында мектеп директоры, Қарағанды облысында білім беру бөлімінің қызметкері және Ақтөбе облысында әдістемелік кабинеттің меңгерушісі жазаланды.

Естеріңізге сала кетейік, ҚР Білім және ғылым министрінің "COVID-19 коронавирустық инфекция пандемиясы кезеңінде оқу процесін қашықтан оқыту технологияларына көшіру кезінде білім сапасын қамтамасыз ету бойынша қосымша шаралар туралы" бұйрығына сәйкес педагогтерден қашықтан оқыту бойынша есеп беруді талап етуге болмайды.

Бұл мәселе Білім және ғылым министрлігінің ерекше бақылауында.

 

ҚР БҒМ Баспасөз қызметі

 

 

 

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив