«IQALA» ОРТАЛЫҒЫ - СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІН БОЛДЫРМАЙДЫ

«IQALA» ОРТАЛЫҒЫ - СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІН БОЛДЫРМАЙДЫ

Бүгін «ANTIKOR ORTALYGY» алаңында «Адал көмек» жобасы аясында «IQALA» қалалық қызмет көрсету орталығының директоры Жұмаділов Руслан Сүйіндікұлы Facebook және Instagram әлеуметтік желілерінде онлайн конференция жүргізді.

Руслан Жұмаділов қала тұрғындарына "бір терезе" негізінде қызмет көрсетуге арналған "IQala" орталығының жұмысы туралы ақпарат берді.

IQala - бұл тұрғындар мен мемлекеттік органдардың арасындағы өзара қарым-қатынастың жаңа форматы. Орталықта 129 мемлекеттік қызмет көрсетіледі.

Спикер онлайн диалог барысында Нұр-Сұлтан қаласына/қаласынан азық-түлік және азық-түлік емес тауарлармен қамтамасыз ету үшін көлік жүргізушілеріне арналған жаңа «Жасыл дәліз» мемлекеттік қызметіне тоқталды.

Енді Нұр-Сұлтан қаласы арқылы және кіру/шығу үшін жүк таситын көлік жүргізушілері post.iqala.kz сайтында бақылау-өткізу пунктінен кедергісіз өтуге өтініш бере алады. Өтінім тікелей «Сергек: бақылау-өткізу пункті» қосымшасына кіреді.

Жүк машинасының жүргізушісі сайтқа кіріп, кіру / шығу деректері, көлік құралының нөмірі, ЖСН, тасымалданатын тауардың атауы, олардың саны және маршруттың өзі көрсетілген өтініш толтыру қажет.

Өтінімді беру үшін ЭЦҚ және басқа да элементтер қажет емес. Бұл тек Нұр Сұлтан қаласына қатысты.

Бұл әдіс бюрократиялық кедергілерді қысқартады. Бақылау-өткізу пунктерінде деректерді қолмен толтыру қажет емес. Осылайша, адамдармен тікелей байланыс жойылады, бұл пандемия жағдайында өте маңызды.

Эфир барысында Руслан Жұмаділов азаматтардың сұрақтарына жауап беріп, айтылған барлық ұсыныс-тілектерді назарға алатынын жеткізді.

Өздеріңізге белгілі «IQALA» қалалық қызмет көрсету орталығы өткен жылы маусым айында "Астана - адалдық алаңы" жобасы аясында ашылған болатын.

Мақсат - қызмет алу кезінде тұрмыстық жемқорлықты жою және барлық монополистердің қызметтерін бір  платформаға біріктіріп азаматтарға қолайлы жағдай жасау.

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив