Экологиялық реттеу, орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдері туралы

Экологиялық реттеу, орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдері туралы

Бүгін онлайн-сұхбат барысында Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Превенция департаментінің басшысы Анар Жарова экологиялық реттеу, орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдері туралы айтты.

Анар Жарованың айтуынша, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің қызметкерлері ағымдағы жылдың ақпан-наурыз айларында Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің бастамасымен министрліктің екі Комитеті – Экологиялық реттеу және бақылау комитетінде және Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізді.

Сұхбат барысында Анар Жарова министрліктің жоғарыда аталған комитеттерінде анықталған жүйелі мәселелер туралы егжей-тегжейлі баяндады.

«Экологиялық реттеу және бақылау комитетіндегі негізгі тәуекелдерді екі блокқа бөлуге болады. Бұл тәуекелдер экологиялық заңнамаларды ұстануды тексеру және әкімшілік жауапкершілікке тарту кезінде бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асырумен байланысты», - деді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Превенция департаментінің басшысы.

Бірінші блокта анықталған бұзушылықтарды жою және шығындарды өтеу бойынша ұйғарым беруге нақты уақыттың болмауы сыбайлас жемқорлық үшін маңызды шарт болып табылады.

Мәселен, 2015 жылдың 21 шілдесінде Жамбыл облысының Экология департаменті экологиялық заңнаманың сақталуына бір жеке кәсіпкерге жоспардан тыс тексеру жүргізіп, оның барысында пайдалы қазбаларды (балшық) заңсыз өндіру фактісін анықтады. Шығын келтіру фактісі 2015 жылдың шілдесінде белгілі болғанына қарамастан, оны өтеу туралы талап жеке кәсіпкерге 4 жылдан кейін – 2019 жылдың тамызында тағылды.

Екінші блокта, әкімшілік іс жүргізу аясында сыбайлас жемқорлық тәуекелдері Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің баптарында жазаның қосымша түрлерін қолдану немесе қолданбау мүмкіндігімен байланысты дискрециялық нормалардың болуына байланысты туындайды.

Мысалы, Кодекстің 326-бабында экологиялық рұқсатта көрсетілген табиғатты пайдалану шарттарын орындамау – экологиялық рұқсаттың қолданысын уақытша тоқтату немесе оның болмауынан айыппұл салуға әкеліп соғады. Ұқсас нормалар Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің басқа баптарында бар (мысалы, Кодекстің 333-бабы (2-бөлігі), 399, 464).

«Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері негізінен орман қорын, балық ресурстарын қорғау, аңшылық субъектілердің инспекциялық қызметі салаларындағы бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асырумен байланысты», - деді Анар Жарова.

Орман шаруашылығы саласындағы бақылау өкілеттіктері мен жалақының төмендігі заңсыз әрекеттер жасауға мүмкіндік туғызады. Сондай-ақ, орман алаптарының қашықтығы да сыбайлас жемқорлыққа жағдай жасайтын объективті фактордың бірі. Бұл қоғам тарапынан тиісті бақылаудың болмауына және осы саладағы қылмыстардың жасырын қалуына әкеп соғады.

Балық ресурстарын қорғау жөніндегі бақылау-инспекциялық қызметте құқық бұзушылық құралын тәркілеу рәсімі реттелмеген, соған байланысты бұл процесс тексерушінің қалауы бойынша жүреді, бұл дискреция болып табылады. Тексерушілерде бейнетіркеуіштердің, қатаң есеп бланкілерінің (әкімшілік хаттамалардың) және әкімшілік рәсімдерді электронды форматта жүргізу мүмкіндігінің болмауы жағдайды күрделендіре түседі.

Аңшылық шаруашылығы субъектілерінің бақылау-инспекциялық қызметінде бұрын берілген ұйғарымның орындалуын тексеру бойынша жоспардан тыс іс-шаралар жүргізу тәртібі реттелмеген.

Спикер өз сөзін қорытындылай келе, насындарды сыртқы талдау нәтижелері бойынша анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша нақты ұсыныстар енгізілгенін мәлімдеді.

«Қазіргі таңда нақты мерзімдері мен орындаушылары көрсетілген ұсыныстарды орындау жөнінде тиісті Жоспар әзірленуде. Агенттік алдағы уақытта оның орындалуын бақылайтын болады», - деді Анар Жарова.

Сонымен бірге, оның айтуынша, біршама нақты ақпарат жақын арада Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми сайтында қол жетімді болатын сараптамалық есепте көрсетіледі.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

1 пікір

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив