Жамбылда «Допинг» жедел-алдын алу іс-шарасы барысында 29 есірткі қылмысы анықталды

Жамбылда «Допинг» жедел-алдын алу іс-шарасы барысында 29 есірткі қылмысы анықталды

Жамбыл облысы аумағында төрт тәулік бойы өткізілген «Допинг» республикалық жедел- алдын алу іс- шарасы нәтижесінде полиция қызметкерлерімен  есірткі қылмысының  29 дерегі анықталды - бұл туралы Жамбыл облысы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы полиция подполковнигі Асхат Алметов айтты.

Оның ішінде есірткі заттарын өткізудің 3 дерегі, есірткі заттарын аса ірі көлемде сақтаудың 2 дерегі, ҚР ҚК-нің 296- бабы 1 және 3-бөлігімен 11 қылмыстық теріс қылық (есірткі заттарын, психотроптық заттарды, олардың аналогтарын өткізу мақсатынсыз заңсыз пайдалану), ҚР ҚК-нің 303-бабы 1-бөлігімен 1 дерек (есірткі заттарын, психотроптық немесе улы заттарды пайдалану ережелерін бұзу) - барлығы  17 қылмыстық деректің жолы кесілді.

Сонымен қатар, 12 әкімшілік құқық бұзушылық дерегі анықталды,  атап айтқанда, ҚР ӘҚБтК-нің 426- бабы 1- бөлігімен - 8 дерек(дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника айналымы саласындағы фармацевтикалық қызмет ережелерін бұзу), ҚР ӘҚБтК-нің 427- бабы 1- бөлігімен -  4 дерек (есірткі құралдары, психотроптық заттар, прекурсорлар айналымы саласындағы объектілер мен үй - жайлардың техникалық нығайтылу талаптарын бұзу).

Жалпы,  Облыс көлемінде 96 дәріхана, 28 қойма, 21 емдеу мекемесі,17 кәсіпорын  мекемесі тексерілді.

 Заңсыз айналымнан 35 келі «марихуана» есірткі заты,   5 келі «гашиш» есірткі заты,3 грамм «героин»,12 келі күкірт қышқылының прекурсорлары, 1249 ампула есірткі және психотроптық заттар алынды.

Сондай-ақ, Тараз қаласында үйлердің қабырғалары мен қоршауларында синтетикалық есірткіні насихаттайтын граффит-жазуларды жазған 3 адам қолға түсті.

Олар кінәсін мойындап, ҚР ҚК-нің 299-1б.1 бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылады.

 2019 жылғы 27 желтоқсандағы жаңа өзгерістер мен толықтырулар бойынша ҚР Қылмыстық кодексінде осы бап бойынша 3 жылға дейін бас бостандығынан айыру көзделген.

Есірткі қылмысының алдын алу және болдырмау,  ашу бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғаса беретін болады.  

 

Жамбыл облысы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив