Ақмола облысының еріктілері ізгілік елшілері болуға дайын

Ақмола облысының еріктілері ізгілік елшілері болуға дайын

Еріктілер жылы аясында Көкшетау қаласының «Достар» мәдениет үйінде Ақмола облысы әкімінің Ермек Маржықпаев қатысуымен «Біргеміз» - «Мы – вместе» облыстық еріктілер слеты өтті, онда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Мұрат Төлеубаев сөз сөйледі.

Өз сөзінде облыс Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің басшысы Агенттіктің барлық бастамалары әділдік, парасаттылық және сенім сияқты құндылықтар призмасы арқылы іске асырылады. Ал еріктілер «Ізгілік елшілері» болып мұқтаждарға ақысыз көмек көрсетеді.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлері, сондай-ақ, еріктілердің жылы аясында еріктілер ұйымдарымен бірге қайырымдылық қызметіне өз үлестерін қосуда. Мәселен, өткен жылдан бастап «Акселератор добра» жобасы жүзеге асырылуда, оның миссиясы бірлескен күштерді біріктіру, парасаттылықты қалыптастыру, азаматтардың, әсіресе өскелең ұрпақтың жанашырлық сезімін қалыптастыру болып табылады. Жобаның өңірдегі үйлестірушісі – «Аqmola – Adaldyq Alaṅy» жобалық кеңсесі. Жоба аясында біз волонтерлік ұйымдармен бірлесіп бірқатар қайырымдылық іс-шаралар өткіздік. Мысалы, өткен жылы Департамент қызметкерлерінің жиналған қаражаты есебінен аз қамтамасыз етілген отбасылар үшін көмір, бір әке тәрбиелеп отырған балалар үшін қажетті заттар сатып алынды, сондай-ақ көп балалы жалғыз-анаға АӘК ресімдеуге көмек көрсетілді. Ағымдағы жылдың басында қарттар мен мүгедектер үйіне бару ұйымдастырылды. Сонымен қатар, жаңа жылдық корпоративтердің орнына әлеуметтік жағынан осал отбасылардан шыққан балаларға арналған жаңа жылдық ертеңгіліктер өткізілуде»,-деді өз сөзінде Мұрат Төлеубаев.

Сонымен қатар, Департамент басшысы ағымдағы жылдың ақпан айынан бастап «Аntikor ortalyǵy» сервис ғимаратында апта сайын сенбі күндері «Adal kómek» жобасы аясында халыққа тегін заңгерлік кеңес берілетінін, оған волонтерлер ретінде заң саласының өкілдері, жоғары оқу орындарының заң факультетінің оқытушылары, сондай-ақ мемлекеттік органдардың мамандары тартылатынын айтты.

Іс-шара барысында «Қазақстан Еріктілер лигасы» еріктілер қозғалысының төрағасы Айсұлу Ерниязова, медицина саласындағы Республикалық еріктілер орталығының жетекшісі Абылайхан Әбдірәш және басқа да еріктілер орталықтарының өкілдері сөз сөйледі.

Шара соңында облыс әкімі белсенді еріктілер мен ұйымдарды алғыс хаттармен марапаттады.

 

Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Ақмола облысы бойынша Департаменті

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив