«1424» CALL-ОРТАЛЫҒЫ ЖЕМҚОРЛЫҚТЫ ЖОЮДЫҢ ТИІМДІ ТЕТІГІ

«1424» CALL-ОРТАЛЫҒЫ ЖЕМҚОРЛЫҚТЫ ЖОЮДЫҢ ТИІМДІ ТЕТІГІ

Соңғы кездері байқағанымыздай сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жұмысы жаңа қарқын ала бастағандай. Облыс департаментінің жеке және заңды тұлғаларға, журналистер мен қоғам өкілдеріне арналған арнайы «Antikor орталығы» да ашылды. Агенттік төрағасы да өткен жылды қорытындылауға арналған Алқа мәжілісінде енгізілген және алдағы уақытта жүзеге асырылатын жаңашылдықтарды атап өтті. Бүгінгі сұхбатта Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің СҚО бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Нұрлан Жахин кейбір жаңашылдықтар туралы айтты.

  • Нұрлан Серікұлы, жыл сайын алдын алу шараларының және жемқорлық тәуекелдерінің төмендеуіне орай жемқорлық қылмыстары азайғандай. Қоғамның белсенділігі артты ма? Жемқорлық туралы хабарлаған азаматтарға сыйақы беру қағидалары өзгеріпті сол туралы айтып өтсеңіз?
  • Иа қоғам белседілігі артты. Сонымен қатар, мемлекеттік органдардың бірінші басшылары мен саяси мемлекеттік қызметшілердің жауапкершілігі артты. Қол астындағы қызметкерлері жемқорлық қылмысын жасаса, бірден олардың да жауапкершілігі қарастырылады.

Жалпы, өзекті мәселелерді бірге тарқатып, қоғаммен диалог орнату Елбасының билік органдары күш-жігерін жұмылдыру саясатымен және ел Президентінің «халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидасымен толық үндеседі. Мемлекеттік органдардың қоғаммен қарым-қатынасы өзара сенімді нығайтып, жауапкершіліктің жаңа тетіктерін қалыптастырады.

Төленетін сыйақы туралы айтатын болсақ, Үкіметтің а.ж. 4 ақпандағы қаулысымен Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған тұлғаларды көтермелеу қағидаларына түзетулер енгізілді.

Жаңартылған жүйеге сәйкес, жемқорлық фактілері туралы хабарлаған азаматтар сыйақының сараланған сомасын алатын болды. Егер адам сыбайлас жемқорлық қылмысы туралы хабарласа, соттың тиісті айыптау шешімі шыққан соң оған параның сомасынан 10% төленетін болды.

Параның немесе келтірілген залалдың сомасы не ұсынылған жеңілдіктердің немесе көрсетілген қызметтердің құны 1 000 АЕК – тен (2 651 000 теңге) аспайтын сыбайлас жемқорлық қылмыстар бойынша-сыйақы сомасы қылмыстың санатына 30 АЕК-ке –тен  100 АЕК-ке дейін (79 530-дан 265 100 теңге) құрайды. Егер параның немесе келтірілген залалдың сомасы не ұсынылған жеңілдіктердің немесе көрсетілген қызметтердің құны 1 000 АЕК-тен асса (2 651 000 теңге) – сыйақы сомасы көрсетілген соманың 10% - ын құрайды, бірақ сыйақының сомасы 4 000 АЕК-тен (10 604 000 теңге) аспауы тиіс. Яғни 10 млн теңгеге дейін сыйақы төленетін болады.

Аталған жаңашылдықтар сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте халықтың азаматтық ұстанымын жандандыруға бағытталған.

Мәселен, 2019 жылдың 12 айында жемқорлықтың ашылуына 9 адам көмек көрсетті. Оларға жалпы 1,3 млн. теңгеден астам сома көлемінде сыйақы төленді.

Сондықтан, облыс тұрғындары жемқорлық фактілері туралы хабардар болса аумақтық департаментке тікелей жүгіне алады немесе Агенттіктің бірыңғай call-орталығы - 1424 нөміріне хабарлай алады. Сондай-ақ өңірде «Қызылжар – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің 87075641424 нөміріне хабарласа алады немесе осы нөмірдегі WhatsApp арқылы хабарлама жолдай алады.

Айта кету керек, басты мәселе тұрғындардың азаматтық ұстанымы белсенді болу керек. Жалпы кез келген бұзушылыққа төзбей, немқұрайлық танытпау қажет.

 

  • 1424 call-орталығы қаншалықты тиімді?

- Агенттікте азаматтардың өтініштерін қарауға арналған тәсілдер түбегейлі түрде қайта қарастырылды. Біздің міндет – бізге жүгінген әр азаматтың өтінішіне құлақ асу. Азаматтармен жедел әрі үздіксіз кері байланысу үшін, Агенттіктің 1424 Call-орталығының жұмысы ұйымдастырылған.

Егер бұрын қылмыстық істер аса шұғыл әзірлемелер материалдары мен бақылау-қадағалау органдарының тарапынан жүргізілетін құжаттамалық тексерістер негізінде қозғалған болса, қазіргі күні азаматтардың хабарламаларына да сүйенеді.

Бұл жұмыс алдыңғы қатарлы еуропа елдері мен АҚШ-тың тәжірибесі ескеріле отырып ұйымдастырылған.

Call-орталық арқылы келіп түсетін өтініштермен жүргізілетін жұмыс алгоритміне сәйкес, оларды кезекші офицерлер қабылдайды және аумақтық департаменттердің басшыларына шешімдер қабылдау үшін дереу жолдайды.

Жалпы, 2019 жылы орталыққа 4,5 мың телефон қоңырауы келіп түсіп, олардың 1 мыңы тіркелді. Расталған фактілер бойынша республика көлемінде 66 қылмыстық іс тергелуде. Бұл азаматтардың сенім деңгейінің артқандығы туралы куәландырады.

 

  • Агенттік қайта құрылғаннан кейін өңірде «Адалдық алаңы» мен арнайы топтардың, қоғам өкілдерінің жемқорлыққа қарсы мониторинг жұмысын жиі байқаймыз. Олар жол, құрылыс тағы басқа салалардағы осал тұстарды кең айтып, жариялап отырады. Жалпы осында мониторинг жүргізу Заңмен белгіленген бе?
  • Әрине, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңында «сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингтің» не екені бапта арнайы белгіленген. Мониторинг - сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың тиімділігіне, осы саладағы құқық қолдану практикасының жай-күйіне, сондай-ақ қоғамның сыбайлас жемқорлық деңгейін қабылдауы мен бағалауына қатысты ақпаратты жинау, өңдеу, жинақтап-қорыту, талдау және бағалау жөніндегі қызмет.

Айта кету қажет, жақын арада сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізудің жаңа ережелері күшіне енді.

Жаңалықтарға сәйкес, ол екі түрге бөлінген – кешенді және тақырыптық. Кешенді мониторинг Агенттік және оның аумақтық бөлімшелерімен тоқсан сайынғы негізде жүргізіледі.

Кешенді мониторингтің міндеттері:

1) сыбайлас жемқорлық көріністеріне барынша бейімді салаларды анықтау;

2) мемлекеттік органдар, ұйымдар, квазимемлекеттік сектор субъектілері қабылдайтын сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралардың тиімділігін бағалау;

3) қоғамның сыбайлас жемқорлық деңгейін қабылдауы мен бағалауын талдау.

Бәрімізге белгілі, заңнамаға мемлекеттік органдар басшыларын бағыныштылар тарапынан сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алуға міндеттейтін норма енгізілген, бұл жұмысты орындамағаны үшін тәртіптік жауапкершілік белгіленген.

Осыған байланысты, кешенді сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг мемлекеттік органның өзі алдын алу шараларын қабылдау үшін бағдар болуға тиіс.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптық мониторинг белгілі бір саладағы проблемалық мәселелерді зерттеуге, азаматтарымыздың әлеуметтік көңіл-күйіне әсер ететін «ауырсыну нүктелерін» анықтауға бағытталған.

Мұндай тәсіл қоғамның толғандыратын сұрақтарына дереу жауап бере отырып, бақылауда ұстауға мүмкіндік береді, бұл Мемлекет басшысының «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыруға қатысты Қазақстан халқына Жолдауында берілген тапсырмаларымен толық көлемде үйлеседі.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптық мониторинг жүргізу Агенттікке және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың өзге де субъектілеріне да бекітілген. Заңға сәйкес соңғылардың қатарына барлық мемлекеттік органдар, квазимемлекеттік сектор субъектілері, қоғамдық бірлестіктер, сондай-ақ өзге де жеке және заңды тұлғалар жатады.

Яғни, кез келген ниет білдіруші, оның ішінде журналистер де сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптық мониторинг жүргізіп, оны тиісті әрекет ету шараларын, оның ішінде заңнамалық сипаттағы шараларды қабылдау үшін бізге жолдай алады.

 

  • Үстіміздегі жылдың басында Transparency International халықаралық үкіметтік емес ұйымы 2019 жылғы «Сыбайлас жемқорлықты қабылдау индексі» атты жыл сайынғы басты зерттеулерінің нәтижелерін жариялады. Әлем бойынша Қазақстанның орны қандай екен?
  • Зерттеудің нәтижесі біз үшін жағымды. Қазақстан мүмкін 100 баллдың 34 баллын алып, 180 елдің арасынан 113 орынды иеленді. Осылайша, былтырғы жылмен салыстырғанда индексті 3 баллға және 11 орынға жақсартты.

Бұл Қазақстанның сыбайлас жемқорлықты түйсіну индексіне (әрі қарай – СЖТИ) қатысқан уақыт аралығындағы ең жоғарғы көрсеткіші, екендігін атап өткім келеді. Еліміз тарихи максимумға қол жеткізіп, едәуір жоғары көтерілді. Transparency International ешқашан біздің елімізді мұнша жоғары бағалаған емес.

Transparency International-дің қазіргі бағалау әдістемесі 2012 жылы бекітілген. Сол сәттен бастап 2019 жылға дейін, 7 жыл ішінде Қазақстан өзінің орнын 28-ден 31-ге дейін тек 3 баллға ғана жақсартқан болатын.

Ал қазір жеті жылдық ілгерілеу бір жылдың ішінде орындады. Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарына сәйкес (Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 15 ақпандағы №636 Жарлығымен бекітілген) СЖТИ-нің 35 ұпайға дейінгі өсімі ықтимал нәтиже ретінде белгіленгенін атап өткен жөн.

Осылайша, біз қазіргі ұмтылысымыз арқылы алдағы 5 жылға жоспарланған көрсеткішке қол жеткіздік. Әрине, біз жайғасқан орын біздің қалауымыз бен пайымымызға сәйкес келмейтіні түсінікті. Біздің елімізде жүргізіліп жатқан сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат мұнан да жоғары бағаға лайық деп санаймыз. Дегенмен, біздің алған орнымыздың едәуір жақсаруының өзін оң бағалау қажет. Біз 30 балдан төменде сыбайлас жемқорлыққа біршама бейім елдер орналасатын деңгейден алға шықтық. Яғни біз сыбайлас жемқорлықты қабылдаудың қалыпты деңгейі бар «орташа» топта орнықтық. 

 

  • Саяси мемлекеттік қызметшілер мен басшылардың жауапкершілігіне қатысты да өзгерістер барын естіп жатырмыз. Сол мәселені кеңірек айтып берсеңіз?

- Айта кетейін, Мемлекет басшысы 2019 жылдың 20 мамырында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өткен кездесуде бағынышты қызметкерлердің сыбайлас жемқорлыққа жол бергені үшін мемлекеттік органдардың бірінші басшыларының орнынан түсу институтын енгізудің маңыздылығын атап өткен болатын.

Бұдан былай, саяси мемлекеттік қызметшілер – яғни министрлер мен олардың орынбасарлары, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалары мен облыс әкімдері мен олардың орынбасарлары, аудандар әкімдері олардың тікелей бағынышты қызметкерлері сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаса міндетті түрде отставкаға кетуі міндетті.

Аталған норманың механизмі мынадай!

Заңның жаңа редакциясына сәйкес, бірінші басшының тікелей бағынышты тұлғасына қатысты соттың айыптау үкімі күшіне енгеннен соң күнтізбелік 10 күн ішінде немесе ақталмайтын негіздер бойынша қылмыстық іс тоқтатылғаннан кейін отставкаға кетуге міндетті.

Осы жерде қандай тұлғалар тікелей бағыныштылар ретінде қарастырылатын түсіндіріп өтейін:

- орталық мемлекеттік органның басшысы (министр) үшін – бұл оның орынбасарлары, жауапты хатшы немесе аппарат басшысы, аймақтық бөлімшелердің басшылары;

- облыс, республикалық маңызы бар қалалар, астана әкімі үшін – оның орынбасарлары, аппарат басшысы, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімі;

- орталық мемлекеттік орган басшысының орынбасары (вице-министр) оның қарамағындағы бөлімше немесе тәуелсіз құрылымдық бөлімше басшысы сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған кезде қызметінен кетеді;

- облыс әкімінің орынбасары жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың басшыларына жауап береді;

- аудан әкімі өзінің орынбасарларына, аппарат басшысына, жетекшілік ететін аудандық атқарушы органдардың басшыларына, ауыл, кент, ауылдық округтердің әкімдеріне жауап береді.

Айта кету керек, «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңға сәйкес, мемлекеттік қызметшіні осы лауазымға тағайындаған лауазымды тұлғаға орнынан кету туралы өтініш жіберіледі. Отставканы қабылдау немесе қабылдамау – бұл саяси қызметкерді қызметке тағайындаған адамның құзыреті.

Егер саяси емес, бірақ А және Б корпусының әкімшілік мемлекеттік қызметшілері болып табылатын барлық басқа басшыларына тікелей бағынышты қызметкерлер сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған жағдайда алдыңғыларға тәртіптік жауапкершілік қарастырылған.

Сондай-ақ, Президент қол қойған заңда басшыларға бағынышты қызметкерлердің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауының алдын алу міндеті енгізіліп отыр.

Бұл міндеттің орындалмауы немесе тиісінше орындалмауы басшының тәртіптік жауапкершілікке тартылуына әкеп соғады.

Мына жерде ерекше тоқталып өткім келеді.

Бірінші басшылар, тек тікелей бағынышты қызметкерлері тарапынан ғана жемқорлық фактілеріне жол берілсе отставкаға кетуі не тәртіптік жауапкершілікке тартылуы тиіс.

Сонымен қатар, заңнамаға басшылықтың ұжымдағы сыбайлас жемқорлықты болдырмау жөніндегі міндетін жүйелі түрде орындамағаны үшін жауапкершілігі енгізілді, өйткені оның салғырттығы бұл мемлекеттік органда немесе ол басқаратын құрылымда сыбайлас жемқорлық тұрғысынан жағымсыз жағдайға әкелуі мүмкін.

Мысалы, тікелей бағынышты адамдар сыбайлас жемқорлық қылмыс жасамаған болса да, бірақ, мысалы, талдау осы мемлекеттік органда немесе белгілі бір аймақтық бөлімшеде сыбайлас жемқорлық деңгейі күрт жоғарылағанын көрсетсе, тиісті басшының тәртіптік жауапкершілік мәселесі қаралатын болады.

 

  • Сұхбатыңызға рахмет!

 

 

Сұхбаттасқан, Жан АЙТМАҒАНБЕТОВ

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

4 пікір

  1. аватар
    Alda 12 апреля 2024 09:20

    Normally I do not read article on blogs, but I would like to say that this
    write-up very compelled me to check out and do it! Your writing taste has been amazed me.
    Thanks, very nice article.

    My blog; Aimee

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив