Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Facebook-те парақша ашты

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Facebook-те парақша ашты

Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі қоғамдағы жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға, тұрмыстық жемқорлықты жоюға, азаматтардың жемқорлыққа қарсы иммунитетін күшейтуге айрықша көңіл бөледі. Агенттік қызметінің негізгі ұстанымы ашықтық және қолжетімділік болып табылады. Агенттік Төрағасы Алик Шпекбаевтың Facebook әлеуметтік желісінде парақша ашуы және оған азаматтардан көптеген өтініштердің келіп түсуі осының жарқын мысалы. Бұл шараның мемлекеттік аппаратқа деген сенімнің артуына, халықпен шұғыл әрі сапалы кері байланысты қамтамасыз етуге ықпал еткені сөзсіз.

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің жаңа тағайындалған басшысы Мұрат Төлеубаев жергілікті тұрғындардың сұрақтарына жауап қату және оларды әлдеқайда толғандыратын мәселелерді шешу мақсатында Facebook әлеуметтік желісінде өзінің жеке парақшасын ашты https://www.facebook.com/murat.toleubaev.24.08.1974.

Парақша аша отырып, Мұрат Төлеубаев облыс тұрғындарына арнап өзінің алғашқы постын жариялады.

«Қазіргі уақытта интернет-ресурстар жаңа мәнге ие болып, мемлекет пен азаматтар арасындағы байланыстың маңызды құралына айналуда. Әлеуметтік парақша сіздер өз сұрақтарыңыз бен мәселелеріңізді айтып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өз пікірлеріңіз бен ұсыныстарыңызды жеткізе алатын  тиімді диалог алаңына айналатынына сенімдімін.

Осындай өзара ынтымақтастық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шеңберінде ашық, тиімді әрі жедел әрекеттестіктің көкжиегін кеңейтуге ықпал ететіні сөзсіз», - деп Мұрат Төлеубаев өз пікірімен бөлісті.

Оның айтуынша, әлеуметтік желілердегі өтініштер департаменттің жұмысына қоғамдық пікір призмасы арқылы қарап, нақты кемшіліктерді көруге мүмкіндік береді.

 

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив