Құрметті Жамбыл облысының тұрғындары!

Құрметті Жамбыл облысының тұрғындары!

 

2019 жылдың  3 желтоқсанында  сағат 11.00-де  Ы. Дүкенұлы атындағы Мәдениет үйінде Жамбыл облысы Полиция Департаментінің бастығы Арман Оразалиев облыстық ата-аналар жиналысын өткізеді.

Сонымен қатар, осы күні аталған жиналыс Тараз қаласында және облыстың 10 ауданында аудандық полиция бөлімдерінің бірінші басшыларымен бір уақытта өткізілетін болады.

         Жиналыстың мақсаты - кәмелетке толмағандар арасында және оларға қатысты жасалатын қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу, сондай-ақ балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша ата-аналардың ұсыныстары мен пікірлерін тыңдау, түйткілді мәселелерді ақылдаса отырып, шешімін табу.

Аталмыш шараға  Жамбыл облыстық Полиция департаментінің басшы құрамы, Облыс әкімдігінің қызметкерлері, облыстық Білім басқармасының қызметкерлері, ата-аналар, облыстық ата-аналар комитетінің мүшелері, Қамқоршылық кеңесі, жеке күзет ұйымдары және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысады.

Осыған орай, бала қауіпсіздігі – баршаға ортақ мәселе екенін ескере отырып, өңір тұрғындарын аталған жиналысқа белсене қатысуға шақырамыз.

 

Жамбыл облысы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі

 

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив