ЕЛОРДАЛЫҚ

ЕЛОРДАЛЫҚ "ЖАНҰЯ" ОРТАЛЫҒЫНДА ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Бүгін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің елордалық департаментінің бастамасымен мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін жаңғырту бойынша кеңес өткізілді.

Кеңес "Жанұя" отбасын қолдау орталығының алаңында өтті, оған мүмкіндігі шектеулі тұлғалар, қалалық ортаны әлеуметтік қорғау және регенерация мәселелері жөніндегі басқармалардың, еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон департаментінің, "Азаматтарға арналған үкімет" КЕ АҚ, "ЗТМО" дирекциясы, қоғамдық және үкіметтік емес ұйымдардың басшылары мен өкілдері қатысты.

Елордалық департамент өкілдері қатысушыларды әлеуметтік қорғау саласында анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің нәтижелерімен таныстырды, инватакси қызметін көрсету және мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды техникалық оңалту құралдарымен қамтамасыз ету саласындағы кемшіліктерді атап өтті.

Өз сөзінде Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау департаменті басшысының орынбасары Әйгерім Тәңірбергенова мүгедектерге арналған әлеуметтік қызметтер порталын енгізудің артықшылығы туралы сипаттады, бұл техникалық оңалту мен әлеуметтік қызметтерді көрсету мерзімін 8 айдан 1-2 аптаға дейін қысқартады. Сондай-ақ, портал қызметтер мен оңалту құралдарының оларды алушылардың жеке қажеттіліктеріне сәйкес келмеу мәселелерін шешеді. Бұдан басқа, сертификатталған мамандардың кең ауқымы қолжетімді болады, ал медициналық-әлеуметтік мекемелердің бірыңғай тізілімінде барлық медициналық-әлеуметтік мекемелердің жарақтандырылуы мен жүктелуі және т.б. ескерілетін болады. Порталды енгізу 2020 жылдың 1 қаңтарына жоспарланған.

Сонымен қатар, Нұр-сұлтан қ. Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы әзірлеген мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға тиімді қызмет көрсету бойынша бастамашылық жобалар ұсынылды.

Бұл алаң барлық мүдделі тараптардың пікірін тыңдап, мүгедектердің өмір сүру сапасын жақсартудың жалпы тәсілдерін жасауға мүмкіндік берді.

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив