«Электрондық» парақорлықпен күресте  израильдік тәсілдерді қолданудың келешегі

«Электрондық» парақорлықпен күресте израильдік тәсілдерді қолданудың келешегі

 

А.ж. 28 қарашада Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Төрағасы Алик Шпекбаев IsratechErgo Oriens Consultants и Triple Cyber израильдік компаниясының өкілдерімен кездесті.

Аталған ұйымдардың қызметі киберқауіпсіздікті, адамның жеке басын биометрикалық анықтап тануды қамтамасыз ету бойынша озық технологияларды енгізумен және қолданумен, сонымен қоса қаржылық-экономикалық құқық бұзушылықтардың мониторингі саласында жаңа шешімдерді қолданумен байланысты. 

Агенттік Төрағасы кездесу барысында сарапшыларға жүргізіліп жатқан сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат пен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтегі жаңашылдықтар туралы айтып берді.

Өз кезегінде, изральдік компания цифрлық шешімдерді қолдана отырып, қаржылық мониторинг саласында қылмыстарды анықтау және тергеу жүргізу әдістемесін таныстырды. 

Сонымен қоса, бұл тәсілдерді құқық қорғау органдарында, атап айтқанда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің жұмысында қолданудың келешегі туралы талқыланды.

Әсіресе, сәйкес «маркерлік» жүйелер арқылы қаражаттың қозғалысын бақылау жолымен ақша ұрлау және «электрондық» парақорлықты ескерту мәселесі аса қызығушылық тудырды.

Кездесудің соңында Агенттік израильдік тәжірибені зерделеуге және бірлескен тәжірибені мүдделі қазақстандық мемлекеттік органдардың қатысуымен әрі қарай пысықтауға дайындығын білдірді.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив