Нұр-Сұлтан қаласының полицейлері «Заңсыз келуші» республикалық профилактикалық шарасы аясында 5 күн ішінде Қазақстанның көші-қон заңнамасын бұзған 1300-дей шетелдікті анықтады

Нұр-Сұлтан қаласының полицейлері «Заңсыз келуші» республикалық профилактикалық шарасы аясында 5 күн ішінде Қазақстанның көші-қон заңнамасын бұзған 1300-дей шетелдікті анықтады

Ағымдағы жылдың 18-22 қараша аралығында  қала аумағында «Заңсыз келуші» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді.
Осы іс-шараға 30-дан астам мобилдік топ жұмылдырылды.  Топ құрамында көші-қон, криминалдық, жергілікті полиция қызметкерлері қала аумағына келген шетелдіктердің көші-қон заңнамаларын бұзу деректерін анықтау, оларды әкімшілік жауапкершіліктерге тарту, іздеуде жүрген қылмыскерлерді анықтау мақсатында шетелдіктердің уақытша тіркелген мекен-жайларын, салынып жатқан құрылыс нысандары, базарлар мен дәмханалар тексеріліп, рейдтік іс-шаралар жүргізілді.

Нәтижесінде көші-қон заңнамаларын бұзған 1292  шетелдік анықталды. Олардың ішінде 500-ден астам шетел азаматы тиісті рұқсаты болмай, заңсыз еңбек еткендер. 423 шетел азаматы тіркеусіз болғаны анықталды.

Сонымен бірге,   ӘҚБтК-нің 519-бабы (Шетелдік жұмыс күшін және еңбекші көшіп-келушілерді ҚР заңнамасын бұза отырып тарту, шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның ҚР еңбек қызметін заңсыз жүзеге асыруы) бойынша 26 ҚР азаматына әкімшілік шаралар қолданылды.

Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзғаны үшін 61 шетелдіктің ҚР-да  елден шығарылды. 250 шетел азаматына Қазақстанда болу мерзімдері қысқартылды. Жеке басын анықтайтын құжаттары жоқ 60 азамат  қабылдау-тарату орнына жеткізілді.

4 дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды: заңсыз миграция әрекетін ұйымдастырғаны үшін Қылмыстық кодекстің 394-бабы бойынша; екі факт ҚР-ның аумағынан шығарып жіберу туралы сот шешімін орындамау бойынша және мемлекеттік шекарадан заңсыз өту бойынша.
 

Нұр-Сұлтан қ.ПД  баспасөз қызметі

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив