Жасампаз жастар үшін зор мүмкіндік

Жасампаз жастар үшін зор мүмкіндік

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің сайлауалды бағдарламасында Президенттік жастар кадр резервін қалыптастыру міндетін қойды.  Елбасы өз сөзінде қазақстан жастары туралы: «Біздің жастар – еңбекқор, мақсатшыл, креативті. Сондықтан, Қазақстанның болашағы сенімді қолда», деп атап өткен болатын. 

Бүгінгі күні білімді, белгілі бір салада жетістіктері бар, жаңашыл, бастамашыл, мемлекетіміздің одан әрі өркендей түсуіне өз үлесімді қосамын деген  жастар үшін президенттік резервке тұрып, жоғары мемлекеттік және басқару лауазымдарына тағайындалу мүмкіндігі туып отыр. Қазіргі таңда аталған резервке іріктеу жұмысы жүріп жатыр. Оның барысы туралы өзекті ақпарат агенттіктің автоматтандырылған онлайн-платформасында әрдайым жарияланып тұрады. Азаматтар резервке тұруға кімдердің тапсырыс бергенін, онымен қоса, әр кезеңнен кейін келесі кезеңге өткендердің тізімін көре алады.

Президенттік кадр резервінің жастар арасында үлкен қызығушылық тудырғаны сөзсіз. Себебі бұл іріктеу олар үшін өз қабілеттерін көрсетіп, білімдері мен құзыреттерін сынау мүмкіндігі. Іріктеу кезеңдерінде үміткерлер күрделі  мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін анықтауға арналған тестілеуден өтеді. Бұл кезеңде үміткерлердің теориялық даярлығы, аналитикалық және сыни ойлау қабілеті анықталады. Үміткерлердің көшбасшылық қасиеттерін, стратегиялық көзқарасын, ынтасы мен құндылықтарын бағалау кезеңінде олар  эссе жазады және өздерінің әлеуметтік маңызды жобаларымен таныстырады. Кандидаттарды бағалау кезеңінің ашықтығын қамтамасыз ету үшін салалық сарапшылар тартылған. Олар іріктеу процессінің әділдігін қадағалай алады.

Іріктеу кезеңдерінде жақсы нәтиже көрсеткен қатысушылардың әрқайсымен жеке сұхбаттасуды Президент әкімшілігімен құрылған сараптау комиссиясы жүргізеді. Үміткерлерді Президенттік жастар кадрлық резервіне қабылдау туралы шешім Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы кадрлық резерв бойынша Ұлттық комиссиясымен қабылданады.

Резервке қабылданған азаматтар басқарушылық, салалық, өңірлік лауазымдар тобындағы лауазымдарға тағайындалу мүмкіндігіне ие болады. Бұл лауазымдар тобы әр саланы қамтиды және айтарлықтай кең.  Резервте тұру мерзімі 5 жылды құрайды.

Президенттік жастар резерві мемлекеттің жоғары басқару лауазымдарына орналасуға үміткер азаматтарды біріктіруге арналған. Бұл азаматтардың қажеттіліктерін қамтамасыз етуге бағытталған оң шешімді жылдам қабылдауға қабілетті, еңбекте тиімді, жауапкершілігі жоғары  жаңа форматтағы басшылардың резерві болары анық. Және биылғы Жастар жылы жасампаз жастар үшін жасалып отырған зор мүмкіндік.

 

Братаева Р.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі

Ақмола облысы бойынша департаменті

басшысының орынбасары                                             

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив