Ғарыш технологияларына бағытталған  МЕКТЕП ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫ

Ғарыш технологияларына бағытталған МЕКТЕП ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫ

 

Жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыруды енгізу шеңберінде Ұлттық ғарыш орталығының  "Қазақстан ғарыш сапары" Ұлттық компаниясы» АҚ аумағында Tamos Space School жеке меншік мектебі құрылысының басталуына орай алғашқы тасын қалау рәсімі өтті. Аталған іс-шараға ҚР Білім және ғылым вице-министрі Бибігүл Асылова, Малайзияның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Дато Саид Мохамад Бакри бин Саид Абдул Рахман, «Қазақстан Ғарыш Сапары» Ұлттық компаниясы» АҚ Басқарма Төрағасы Азамат Батырқожа, «Қаржы орталығы» АҚ Президенті Асқар Ибраимов, «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары Олжас Ордабаев, «Жеке меншік білім беру ұйымдарының Республикалық Қауымдастығы» ЗТБ Төрайымы Роза Садықова қатысты.

«Tamos Space School» жаңа мектебінің ашылуы 2020 жылдың 1 қыркүйегіне жоспарланған. Мектепке алғаш рет қабылдау физика-математикалық бағыты бойынша 0-4 сынып оқушылары арасында жүргізіледі. Жаңа мектептің құрылтайшылары - Дәурен Қаупынбаев, Бақтияр Бекжанов және малайзиялық «King Development» компаниясы (Малайзия).

Мектептің бірінші тасын салу рәсімінде: «Мектеп құрылысының басталуы білім беру жүйесі үшін өте маңызды оқиға. Елбасының тапсырмасы бойынша білім беру мекемелері арасындағы бәсекелестікті арттыру және жеке капиталды тарту үшін ел мектептерінде жан басына қаржыландыру енгізіліп жатыр. Жан басына қаржыландыру айтарлықтай нәтиже көрсетіп жатыр деп сеніммен айтуға болады. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бастамасымен еліміздің ірі қалаларында осындай жобалар іске асырыла бастағаны қуантады. Бұл - мемлекеттік жекеменшік әріптестікті іске асырудың жарқын көрінісі. Жан басына шаққандағы қаржыландыруды енгізу осындай маңызды жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді», - деді Білім және ғылым вице-министрі Бибігүл Асылова.

Жан басына нормативтік қаржыландыруды енгізу шеңберінде республикада 2018 жылдың қыркүйегінен бастап 47 жаңа жекеменшік мектеп ашылды, оның ішінде ел астанасында - 5. Бүгінгі таңда жекеменшік мектептер желісін одан әрі кеңейту үрдісі байқалады. Нұр-Сұлтан қаласы бойынша қазіргі уақытта 18 жобаны іске асыру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Айта кету керек, «Tamos Space School» ғарыштық технологиялар мектебі - Қазақстандағы үшінші мектеп және «Tamos» брендімен жұмыс істейтін елордадағы алғашқы білім ордасы. Қазіргі уақытта Алматы қаласында екі «Tamos» мектебі жұмыс істейді, онда «Cambridge International» ұйымы аккредиттеген физика-математикалық, лингвистикалық және халықаралық білім беру бағыты бойынша 2600 оқушы оқиды.

Жан басына қаржыландыру кезінде мемлекеттік шығындарды жоспарлау бірлігі мектеп емес, оның оқушысы болатынын еске саламыз. Осылайша, оқушылар, олардың мүдделері мен сапалы білім алу құқықтары алдыңғы орында тұрады.

 

ҚР БҒМ баспасөз қызметі.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив