СІМ, «KazakhExport» АҚ және «Атамекен» КҰП экспортты бірлесіп ілгерілетуге келісті

СІМ, «KazakhExport» АҚ және «Атамекен» КҰП экспортты бірлесіп ілгерілетуге келісті

АСТАНА, 2018 жылғы 30 қазан – Сыртқы істер министрлігінде «Қазақстанның экспорттық әлеуеті» тақырыбында дипломатиялық корпустың және халықаралық бизнес қауымдастықтарының өкілдерімен брифинг өтті. Іс-шара барысында Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов, Инвестициялар және даму вице-министрі Қайырбек Өскенбаев, «Атамекен» КҰП басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов және «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы »АҚ басқарма төрағасы Руслан Ысқақов сөз сөйледі.

Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына арналған Жолдауында республиканың экспорттық әлеуетін жүзеге асыру басым бағыттардың бірі деп, елдің экономикалық дамуының бірқатар міндеттерін айқындады. Осыған байланысты министр сауда-саттық саясатты жандандыру жаһандық экономикалық тұрақсыздықтың, сауда-саттық соғыстарының және санкциялық текетірестің тұрғысында ерекше маңызға ие екенін атап өтті. Осы тұрғыда, брифингке қатысушылар сыртқы саясатты «экономизациялау», қазақстандық экспорттың шетел нарықтарына шығуына жәрдемдесу мәселелері бойынша министрліктің жүргізетін жұмысы туралы хабардар болды.

Қазақстан уран, мыс, титан, ферроқорытпа, сары фосфор, ұн, мақта майы, бидай, зығыр тұқымын жеткізу бойынша әлемдік көшбасшы бола тұра, әлемнің 117 еліне өзінің өнімдері мен қызметтерін экспорттайды. 2018 жылдың бірінші жартысында Қазақстанның экспорты өткен жылдың дәл кезеңімен салыстырғанда 24,9 пайызға артып, 29,4 млрд. АҚШ долларын құрады. Брифинг барысында айтылғандай, соңғы бес жылда экспорттың сапалы құрылымы айтарлықтай жақсарды, шет елдерге жеткізілетін өнімдердің үштен бірі экономиканың шикізаттық емес секторына тиесілі. Еліміздің экспорттық жағдайын әлемдік деңгейде одан әрі жетілдіру мақсатында өткен жылы «2018-2022 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының ұлттық экспорттық стратегиясы» мемлекеттік бағдарламасы қабылданды. Оның мақсаты «Қазақстан-2050» стратегиясына шикізаттық емес экспортты 2025 жылға дейін екі есе, ал 2040 жылға дейін үш есе арттыру үшін жағдай жасау.

Болашағы бар бағыттардың тізіміне қызметтер, бірінші кезекте, транзиттік тасымалдау қызметтері кірді. Осы тұрғыда Еуропа мен Қытай арасындағы тауарларды тасымалдау бойынша транзиттік әлеуетке басты назар аударылады. Агроөнеркәсіп секторына айтарлықтай көңіл бөлінеді.

 «Астана» халықаралық қаржы орталығын дамытуды қоса алғанда қаржылық қызметтерді экспорттау, білім беру саласы және медицина саласы Ұлттық медициналық холдинг құрамына кіретін заманауи клиникалар есебінен перспективалық бағыттар болып табылады. Тағы бір перспективалық бағыт – жерсеріктік сиымдылық ұсыну бойынша қызметтер (KazSat) және Жерді қашықтықтан тексеру қызметтерін көрсету арқылы ғарыш қызметі мен ғарыш аппараттарын тестілеу.

Сыртқы істер министрлігі өз өнімдерін экспортқа шығаруға мүдделі отандық компаниялармен белсенді жұмыс атқаруда. Шағын және орта бизнеске де назар аударылуда. Қазақстандық өнімдердің экспортын сыртқы нарықтарға, оның ішінде ЕО елдерінде сәтті ілгерілету үшін елімізде халықаралық танылған сапалы инфрақұрылымды құру үшін жүйелі және дәйекті жұмыс жүргізілуде. Атап айтқанда, ұлттық өнімнің ЭЫДҰ елдерінің жоғары халықаралық стандарттарына сәйкестігін қамтамасыз ету жөніндегі шаралар орындалуда.

Брифинг барысында отандық компаниялар өнімдерін шет елдерге экспорттау кезінде туындайтын мәселелер мен кедергілер қаралды. Осыған байланысты Сыртқы істер министрі мемлекеттік органдарды нақты мәселелерді шешу үшін шетелдік дипломатиялық корпуспен тығыз жұмыс істеуге шақырды.

Өз кезегінде «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов пен «KazakhExport» экспортты сақтандыру компаниясы» Басқарма төрағасы Руслан Ысқақов өз ұйымдарының экспортты ілгерілету және отандық компанияларды қолдау жөніндегі қызметі мен міндеттері туралы хабардар етті.

Атап айтқанда, «Атамекен» басшысы кәсіпкерлерге арналған жаңа қызметтерді пайдалану туралы айтып берді. Олардың қатарында мобильдік қосымшалар, заңгерлік көмек, салық және кедендік кеңестер, Қазақстанның аймақтары мен компанияларының деректер базасы - Business Navigator және басқалар бар.

Өз кезегінде, Руслан Ысқақов «KazakhExport» ұйымдастырған сауда миссиялары, отандық компаниялардың халықаралық көрмелерге қатысуы, экспорттық келісімшарттарға қол қою және т.б. қоса алғанда жұмысының нақты нәтижелері туралы хабарлады.

Іс-шара барысында Сыртқы істер министрлігі, «KazakhExport» және «Атамекен» ҚР ҰКП арасындағы өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Қол жеткізілген уағдаластықтар күшті  біріктіру және экспорт саласындағы қызметті үйлестіру және экспорттауды дамыту, халықаралық тәжірибені зерделеу, халықаралық іс-шараларға қатысу, БАҚ-та насихаттау жөнінде нақты серіктестермен жұмыс жасауға дейін ақпарат пен нарық талдауымен алмасуды қамтитын барлық салалардағы мәселелер бойынша өзара әрекеттесуде.

 

Қазақстан Республикасы

Сыртқы істер министрлігінің

Баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

2 пікір

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив