Елордалық полицейлер қала дүкендерінің бірінен порнографиялық материалдарды тарату фактілерін анықтады

Елордалық полицейлер қала дүкендерінің бірінен порнографиялық материалдарды тарату фактілерін анықтады

 

«Контрафакт» жедел-алдын алу іс-шарасын жүргізу барысында елордалық полиция қызметкерлері Нұр-Сұлтан қаласынының дүкендерінің бірінен порнографиялық материалдарды тарату фактілерін анықтады.

         Аталған факті бойынша 29 жасар елорда тұрғыны ұсталды, ол тауарлар сататын бутиктердің бірінде порнографиялық сипаттағы белгілері бар материалдарды өткізген.

         Тінту жүргізу іс-шаралары кезінде тыйым салынған материалдардан басқа 300 бірліктен астам контрафактілік аудио-бейнеөнім,  50-ден астам лицензиясы жоқ бағдарламалық қамтамасыз етулер мен компьютерлік ойындар алынып қойылды.

         Ұсталған адамға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 311-бабы бойынша (порнографиялық материалдарды заңсыз тарату) сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Тиісті сараптама тағайындалды. 

         Сонымен қатар «Контрафакті» жедел-алдын алу іс-шарасын жүргізу барысында ақпараттық технологияларды қолдана отырып 24 қылмыстық құқық бұзушылық анықталды, 8 интернет-алаяқ және 1 карточкалық шоттан ақша жымқырушы ұсталды.

         24 қыркүйекте Нұр-Сұлтан қаласында 21 жасар Павлодар облысының тұрғыны ұсталды, ол елорда барларының бірінде жұмыс істеп жүріп, әртүрлі желеумен тұтынушылардың банк карталарының деректемелерін алып, артынша төлем жүйелері арқылы ақша ұрлаған. Жоғарыда көрсетілген фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде:

         Нұр-Сұлтан қаласынының Полиция департаменті төмендегідей кеңес береді:

  • ешкімге, оның ішінде банк қызметкерлеріне де карточкалық шоттарыңыздың жеке мәліметтерін және пин-кодтарыңызды бермеңіз;
  • банк карталарымен жасамаған операцияларды растамаңыз;
  • анонимді төлем жүйелері арқылы белгісіз адамдарға ақша аудармаңыз;
  • компьютердегі немесе ұялы телефондағы күмән тудыратын бағдарламалар мен қосымшаларды пайдаланбаңыз;
  • күмән тудыратын онлайн-сатып алулардан бас тартыңыз, тауардың бар-жоғына бейнебайланыс арқылы көз жеткізіңіз.
  • тауардың ақысын оны жеткізгеннен кейін және тексергеннен кейін ғана төлеңіз.            

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив