Жол активтері ұлттық сапа орталығы филиал директорларын аттестациялау қорытындысы туралы

Жол активтері ұлттық сапа орталығы филиал директорларын аттестациялау қорытындысы туралы

 

Өткен аптада Жол активтері ұлттық сапа орталығы филиал директорларын аттестациялаудан өткізді.

Біздің Орталық осы жылы облыстық жол зертханаларының бірігуімен құрылған болатын. Орталық құрылған уақыттан бастап кадрды таңдаудың жаңа механизмдері енгізілді.

Біз жоғары білікті қызметкерлерді жұмысқа қабылдауға әрқашан дайынбыз. Сонымен қатар, жұмыс іздейтін адамдар үшін ең танымал сайт (www.headhunter.kz). ХэдХантерге бос орындар туралы хабарландыруларды орналастырамыз. Егер үміткер қызықтырса, оны шақырып, Мемлекеттік қызмет персоналын басқарудың ұлттық орталығында жеке құзыреттіліктерін бағалау бойынша тест өткіземіз. Үміткер осы кезеңнен өткен болса, жетекшілік ететін сала башысымен әңгімелесу өкізіледі. Одан кейін эссе жазады, қоғам белсенділері және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттіктің қатысуымен құрылған комиссия шешімімен жұмысқа алу немесе алмау туралы шешім шығарылады.

Көптеген филиал директорлары осыған дейін аймақтық жол зертханаларының директоры болып қызмет еткендіктен, олардың біліктілігі мен басқарушылық қабілеттерін тексеру қажет болды. Сондықтан аттестациялау кезеңін өткіздік. Уақыт пен заманның сұранысына сай, қойылатын талап та өзгереді. Осыған орай, филиал директорларының жалпы біліктілік деңгейіне мән береміз.

Аттестациялаудың негізгі мақсаты - жоғары білікті мамандарды іріктеп, жұмысқа алу. Емтихандар объективті, бейтарап және ашық түрде тәуелсіз аттестациялық комиссия мүшелері кіретін комиссиясының қатысуымен өткізілді.

Өткен аттестациялау бірнеше кезеңнен тұрды. Үміткерлер Мемлекеттік қызмет персоналын басқарудың ұлттық орталығында тұлғалық қасиеттерін бағалау бойынша тестілеуден өтті. Одан кейін, эссе жазылып, оны Орталық қызметкерлері, қоғам мүшелерінен құралған тәуелсіз сарапшылар мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен бірігіп ашылған «Сапалы жол - Адалдық алаңы» жобалық кеңсе қызметкерлері бағалады. Әрі қарай, кәсіби емтихан өткізілді.

Аттестациялаудың барлық кезеңінің қорытындылары комиссия мүшелеріне ұсынылды, олардың ішінде белгілі қоғам белсенділері Айгүл Соловьева, Зәуреш Батталова, Дамир Алимов пен Бекжан Қимановтар болды. Әңгімелесу барысында олар үміткерлерге сұрақтар қойып, кәсіби біліктіліктері бойынша бағалады.

Аттестациялау комиссиясының шешіміне сәйкес, қатысқан 13 филиал директорларының ішінде, 8-і аттестациялау кезеңінен сәтті өтіп, 2 қызметкер өте алмады, 3 қызметкер қайта тапсыру құқығына ие болды.

Сонымен қатар, Орталық аттестацияға қатысушыларға арнайы мамандарды шақырып, тренингтер мен семинарлар ұйымдастырды.

  Тренингтердің ішінде филиал директорлары арасындағы «ақылдылар сарабы» ерекше қызығушылық тудырды. Шақырылған бизнес-жаттықтырушы Ержан Терекуловтың жетекшілігімен қатысушылар автожол саласының жақсы және әлсіз жақтарын, Орталықтың функцияларын, қандай проблемалар бар және оларды шешу жолдарын талқылады.

Сонымен бірге, бизнес-жаттықтырушы Меруерт Жүнісбек өткізген  «Келіссөздер мен көпшілік алдында сөз сөйлеудегі тәсілдер, сендіре білу өнері» тренингі нәтижелі әрі пайдалы болды.

Мұндай сабақтар кәсіпорынның міндеттерін тиімді орындау үшін басшының ұйымдастырушылық және аналитикалық қасиеттерін дамытуға пайдасы зор.

Аттестациялау біткеннен кейін, аймақтың барлық директорлары және Орталық қызметкерлерімен үлкен жиын өткізіліп, қандай бағыттарда жұмыс жасайтынымызды талқыладық. Филиал басшыларына тағы да біздің жұмысымыздың ұстанымдары, маңызды міндеттері туралы түсіндірілді. Біздің назарымыз тек республикалық қана емес, сонымен бірге қалалық, облыстық және ауылдық жолдардың жағдайына бағытталатындығы айтылды. 

Аттестациялау - бұл ұйымның жетістіктері мен тиімділігі тікелей байланысты қызметкерлердің білімі мен біліктілігін тексерудің маңызды кезеңі. Бұл бағытта жұмыстар жалғасын табатын болады, мұндай аттестациялауды тек директорлар үшін ғана емес, сонымен қатар Орталықтың басқа да қызметкерлері үшін өткізуді, сонымен қатар қызметкерлердің кәсіби сапасын арттыруға бағытталған қайта даярлау курстарын ұйымдастыруды жоспарлап отырмыз.

 

Дархан Сақанов

«Жол активтерінің сапасы ұлттық орталығы»

ШЖҚ РМК бас директорының орынбасары

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив