Қең таралған пайдалы қазбаларды өндірумен айналысатын  жер қойнауын пайдаланушылар салық есептілігінде  қарама-қайшы мәліметтерді көрсетуде.

Қең таралған пайдалы қазбаларды өндірумен айналысатын жер қойнауын пайдаланушылар салық есептілігінде қарама-қайшы мәліметтерді көрсетуде.

 

ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті кең таралған пайдалы қазбаларды (бұдан әрі - КТПҚ) өндіруді жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылар бойынша 2016-2017 жылдар кезеңінде пайдалы қазбаларды өндіруге арналған салық бойынша декларацияларға (ФНО 590.05 және ФНО 590.04) камералды бақылауды өткізілетінін хабарлайды.

         Сондай-ақ Алматы және Ақмола облыстары бойынша жер қойнауын пайдаланушыларға қатысты қосылған құн салығы бойынша декларацияға 300.07 қосымшасын (іске асырылған тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсетулер бойынша шот-фактуралар тізілімі) талдау жүргізілді, оның нәтижесінде ПҚӨС бойынша декларацияда іске асырудың орта мөлшерленген бағасын айқындау және ФНО 300.07 көрсетілген іске асыру бағасы арасындағы алшақтықтар анықталған.

         «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 10.12.2008 жылғы Кодексінің (бұдан әрі – Салық кодексі) 341-бабының 1-тармағына сәйкес жер қойнауын пайдаланушы салықтық кезең ішінде КТПҚ-ны өндіріп алған көлемінің құны КТПҚ-ны пайдалы қазбаларды өндіруге арналған салықты (бұдан әрі- ПҚӨС) есептеу үшін салықтық база болып табылады.

         ПҚӨС-ті есептеу мақсатында жер қойнауын пайдаланушы салықтық кезең ішінде өндіріп алған КТПҚ құны салықтық кезең ішінде, оның ішінде ҚҚС-ты және тасымалдау үшін шығыстарды есепке ала отырып маңызды емес өңдеуден және тазартудан өткен  оларды іске асырудың орта мөлшерленген құнына негізделе отырып  айқындалады.

         Баяндалғанын ескере отырып, жер қойнауын пайдаланушыларға ескіру мерзімнің шегінде бұрынғы ұсынған салық есептілігін талдау қажет және қажет болған жағдайда оған тиісті толықтырулар мен ескертулер енгізу қажет.

 

ҚР Қаржы министрлігі

Мемлекеттік кірістер комитетінің

баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив