Облыс аумағында  251 жер қойнауын пайдаланушы мекеме тіркелген

Облыс аумағында 251 жер қойнауын пайдаланушы мекеме тіркелген

Маңғыстау облысының  әкімі Ералы Тоғжановтың қатысуымен өткен аппарат кеңесінде қаржы басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ерұлан Мырзатаев республикалық және жергілікті бюджеттің 2018 жылғы 10 айда орындалуы туралы баяндады.

Оның айтуынша, биылғы 1-қарашаға жергілікті бюджетке 118,7 миллиард теңге немесе есеп беру кезеңіндегі жоспарға 96,7% кіріс түскен. Түспей қалған кіріс 4,1 миллиард теңге. Бұл толығымен салықтық емес түсімге жатады.

Маңғыстау облысы бойынша жер қойнауын пайдалану және геология инспекциясының басшысы Алмагүл Келбет пен  жер қатынастары басқармасының басшысы Есемұрат Дүзмағамбетов геология саласы мен жер қойнауын пайдаланудың дамуы туралы баяндама жасады. Маңғыстау облысының аумағында барлығы 251 жер қойнауын пайдаланушы барлау мен өндіруді жүзеге асырады. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі бекіткен 2018 жылдың бірінші жарты жылдығында 27 ішінара тексеру жоспарланғаны туралы мәлімдеді. Барлығы КСШ (көмірсутек шикізаты) бойынша 7 тексеру, КТПҚ (Кең таралған пайдалы қазбалар) бойынша 12 тексеру, ЖС (Жерасты сулары) бойынша 2 тексеру жүргізілген. «Батысқазжерқойнауы» ӨД Маңғыстау өңірлік инспекциясы бойынша 2018 жылдың бірінші жартыжылдығында 5 844 150 теңге айыппұл салынды.

Облыста металл емес пайдалы қазбалар—көмір, фосфориттер, бор, құрылыс тастары, кірпіш саздақтар, керамзит және бентонит саздары және басқалары бар екенін жеткізген баяндамашы ашылған кен орындарының 90%-дан астамын жер қойнауын пайдаланушылар өндіріп жатқанын жеткізді.

Маңғыстау облысында жер қойнауын пайдалануға арналған 314 келісім-шарт жұмыс істейді.

Жер қатынастары басқармасының басшысы Есемұрат Дүзмағамбетовтың айуынша, бүгінгі күні мониторинг қорытындысы негізінде облыста тіркелген 241 жер қойнауын пайдаланушының 165 учаскесінде келісім-шарттан тыс пайдаланылған аймақтар көрсетілген. Қазіргі кезде, кәсіпорындардың балансындағы пайдалы қазбалар қоры: Кеспе құрылыс тас(әктас- ұлутас)147 миллион текше метр; құрылыс қиыршық тас 215 миллион текше метр; құм-қиыршық тас қоспасы 88 миллион текше метр; бордың қоры 125 миллион текше метрді құрайды.

Энергия тиімділігімен энергия үнемдеуді арттырушаралары туралы мәселені энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының міндетін атқарушы Жандос Салимов мәлімдеді. Ағымдағы жылы «Электр энергиясын және энергия үнемдеуді дамыту институты» (Қазақэнергосараптама) АҚ-мен бірігіп Қарақия ауданының 2 білім беру ұйымында (Жетібай селосы №3 мектеп–84 миллион теңге, Мұнайшы селосы Балауса бала-бақша–24 миллион теңге) құны 108 миллион теңге құрайтын энергия үнемдеу технологияларын пайдалана отырып жөндеу жүргізілді. Нәтижеде, 45%-ғадейін электр қуаты және 30%- ғадейін жылу үнемделді.

Сондай-ақ, осы бағыттағы жұмыстарды одан әрі қарай іске асыру үшін «Электр энергиясын және энергия үнемдеуді дамыту институты» (Қазақэнергосараптама) АҚ-мен бірлікте Ақтау қаласындағы 22 мектептің жарық шамдары жүйелерін пайдалану және жаңарту концепциясы жасақталды. Құны 548,209 миллион теңге. Жобаға сәйкес: 22 072 дана жарықшам, 48 770 дана электр шамдарды ауыстыру қарастарылған. Нәтижесі: жылына 35,025 миллион теңге қаражатты немесе 44,68% дейін электр қуатын үнемдеуге мүмкіндік береді.

Бүгінгі таңда  пилоттық тәртіпте қосылатын тұрғын үйлерде (15 ықшам ауданда 10 КҚТҮ)  жылу, электр энергиясы, су үшін ортақ үйлік есепке алу аспаптары орнатылып, есепке алу аспаптарынан деректерді онлайн режимде алу іске асырылып отыр. Сондай-ақ ағымдағы жылдың аяғына дейін деректерді онлайн режимде беру мүмкіндігі бар және автоматтандырылған жылу пунктін орнату жоспарлануда. Бұл жылу беру маусымы кезінде 11,0 миллион теңге үнемдеуге мүмкіндік береді.

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив