Ақмола облысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы бесінші «Адал жол» марафоны қалай өтуде?

Ақмола облысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы бесінші «Адал жол» марафоны қалай өтуде?

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы «Адал жол» марафоны Көкшетау қаласында, Бурабай, Бұланды және Біржан сал аудандарында өтіп, оған шамамен 8 мың ақмолалықтар қатысты. Көптеген түрлі форматтағы іс-шаралар өткізілді. Мысалға брейн-рингтер, event шаралар, байқаулар, дебаттар, флеш-мобтар, автошерулер, кездесулер.

Естеріңізге сала кетсек, бұл марафон жыл сайын Ақмола облысында 1 наурызда бастау алып, жыл соңына дейін жалғасады. Бұл жылы марафон осымен бесінші жыл өтіп, дәстүр бойынша Көкшетау қаласында басталды.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Берген Беспалиновтың айтуынша бүгінгі таңда марафон республика бойынша барлық облыстарда өткізілуде, бірақ бастапқыда ол Ақмола облысында 2015 жылы Департаменттің бастамасымен басталған.

«Бұл марафонның Қазақстанның басқа өңірлеріне таралуы жергілікті халықтың қолдау көрсетуінің нәтижесі екенін еш күмәнсіз айта аламын» - деп Берген Беспалинов мәлім етті.

Марафонның басты мақсаты – жемқорлыққа қарсы қозғалысқа барша ақмолалықтарды тарту, жемқорлыққа қарсы істе қоғам мен мемлекеттің күшін біріктіру, жемқорлыққа қарсы мәдениетті және оған төзбеушілік ұстанымын қалыптастыру.

 Марафонның жұмысы желтоқсан айында Халықаралық жемқорлыққа қарсы күрес күніне орай ұйымдастырылатын форуммен аяқталады. Форумда марафонның жеңімпаздары мен белсенді қатысушылары марапатталады.

 

Жазира Тоқтар

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің баспасөз хатшысы

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив