Ақмола облысында кадрлық құжаттарды электронды түрде қалай жүргізу керектігін үйретуде

Ақмола облысында кадрлық құжаттарды электронды түрде қалай жүргізу керектігін үйретуде

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті «Мемлекеттік қызметтің персоналын басқару ұлттық орталығы» акционерлік қоғамымен бірлесе отырып үстіміздегі жылғы 10 - 15 маусым аралығында кадрлық қызмет мамандарын «Е-қызмет» кіріктірілген ақпараттық жүйесінде жұмыс істеуді үйрету үшін кәсіби курстар өткізді.

Курстардың жұмысы тәжірибелік жұмыс түрінде ұйымдастырылды: мамандар конкурстық іріктеу, кәсіби бейімделу, тәлімгерлік, тәртіптік тәжірибе және т.б. жауап беретін ішкі жүйелерде жұмыс істеп үйренді.

Департамент басшысы Берген Беспалиновтың айтуынша, «Е-қызмет» жүйесінде жұмыс істеу мемлекеттік органдардың кадр мамандарына жұмыстың тиімділігін арттырып, ақпарат алуға жұмсалатын уақыт пен еңбек шығындарын қысқартуға мүмкіндік береді.

«Кадрлық қызмет мамандары оқыту барысында алған білімін күнделікті жұмысында пайдаланып, өз қызметтерінің тиімділігін айтарлықтай арттыра алады» - дейді Берген Беспалинов.

Бүгінгі таңда бұл жүйеде мемлекеттік қызметшілерге қатысты толық кадрлық ақпарат орналастырылған: ол жеке басына қатысты мәліметтер, ұйымдастырушылық деректер, кәсіби және жеке құзыреттілігі, білімі, біліктілігі, еңбек өтілі, кәсіби тәжірибесі, бағалау мен аттестаттау нәтижесі туралы ақпарат; оқудан өту мерзімі, тақырып атауы, әкімшілік және тәртіптік жазаларға тартылуы, мадақталуы туралы деректер, мемлекеттік қызметшілердің жемқорлық құқық бұзушылықтары туралы құқық қорғау және сот органдарының ақпараты.

«Біз өзіміздің қызметшілерімізді іріктеуден, бейімдеуден, бағалаудан, оқытудан өткізіп, сонымен қатар оларды дамытумен және уәждемелеумен айналысамыз. Осы жағдайлардың барлығында электронды жүйе жұмысшылар мен лауазымдық орындарға үміттенушілер туралы ауқымды ақпаратты сақтауға және әзірлеуге, жалпы кадрлық жұмысты сапалы жүргізуге мүмкіндік береді» - дейді Берген Беспалинов.

 

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив