Елорда тұрғыны полицияға  ұрыны ұстауға көмектесті

Елорда тұрғыны полицияға ұрыны ұстауға көмектесті

 

Нұр-Сұлтан қаласының Сембинов көшесінің тұрғыны таңғы бестің шамасында өзінің пәтеріндегі терезеден күдікті екі ер адамды көреді.  Сезіктенген ол «102» каналына қоңырау шалған.  Жедел басқару орталығының қызметкерлері қала тұрғыны хабарласқан мекен-жайға полиция нарядын жіберіп, пәтер ұрлығын жасап жатқан ұрыларды оқиға орнында қолға түсірген.

Белгілі болғандай, күдіктілер пәтерге кілтті сәйкестендіру арқылы кіріп,  «LG» маркалы телевизор, ұялы телефонды қолды қылған. Пәтерден енді шықпақшы болып жатқанда, полиция қызметкерлері қолға түсірген.

Күдіктілер бұрын сотты болған 33 және 32 жасар қала тұрғыны болып шықты. Қазіргі уақытта «ұрлық» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Айғақты заттар тәркіленді. Олардың өзге де қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде.  Күдіктілер Нұр-Сұлтан қаласының Уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Полиция қызметкерлері өзінің азаматтық ұстанымын жоғары қойған Асылбек Жабагинге қылмыс ашуда көрсеткен көмегі үшін грамота табыс етті.

Елордадағы құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуде полиция қызметкерлеріне қала тұрғындарының көмегі орасан. Олардың орын алып жатқан құқықбұзушылыққа немқұрайлы қарамай,  еліміздің тыныштығын сақтаудағы батырлық істері назардан тыс қалмайды. Жыл басынан бері елордалық полиция департаменті құқықбұзушылықтың алдын-алу мен қылмыс ашуда полицияға  жан-жақты көмек көрсеткен  200 адамды марапаттады.

 

Астана қаласы ПД Баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив