Елордалық полиция қызметкерлері бірқатар алаяқтық жасаған күдіктіні ұстады.

Елордалық полиция қызметкерлері бірқатар алаяқтық жасаған күдіктіні ұстады.

 

Жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында криминалдық полиция қызметкерлері автомашиналарды сатумен байланысты бірқатар алаяқтық жасады деген күдікпен  27 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады. Қазіргі уақытта ұсталған адам 3 алаяқтық фактісін жасағанын мойындады.

Тергеп-тексеру барысында ер адам қымбат автомашиналарды жалға алғаны,  әрі қарай нарықтағы бағадан төмен бағаға машина сатып алғысы келетін азаматтардың сеніміне кіре отырып сатқаны анықталды.

Осылайша, ол «Lexus» , «Toyota Camry» маркалы автокөліктерді сатып үлгерген және Қостанай қаласында да «Nissan Qashqai» автокөлігін сатқан.

Ұсталған адам уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды, оның Республика  аумағында бұрын осы секілді жасалған қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде. ҚР ҚК 190-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Аталған тұлғаның құқыққа қайшы әрекеттерінен зардап шеккен азаматтарға Бейбітшілік көшесі,19 мекенжайы бойынша Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментіне немесе 8 (7172) 71-60-24,71-61-07 немесе «102» телефондарына қоңырау шалуды сұраймыз.

Автокөлік сатып алу кезінде алаяқтың құрбаны болмау үшін абай болыңыздар!

 

Нұр-Сұлтан қ.ПД баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив