Ақмола облысының мемлекеттік қызметшілері арасында«Ұмытылмас мұра» атты оқырмандар марафон басталды

Ақмола облысының мемлекеттік қызметшілері арасында«Ұмытылмас мұра» атты оқырмандар марафон басталды

 

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті өңірдегі мемлекеттік қызметшілермен кездесу барысында еліктіргіш «Ұмытылмас мұра» атты оқырмандар марафонын бастады.

Бұл іс-шара «Рухани жаңғыру» бағдарламасының«Өзгерістерді өзіңнен баста» ішкі бағдарламасы шеңберінде іске асырылуда. Ол мемлекеттік қызметшілер арасында көркем әдебиеттерді насихаттауға, олардың қазақ халқының бай тарихи және мәдени мұрасына деген қызығушылықтарын арттыруға бағытталған.

Осындайтанымдық марафонды бастаудыДепартаменттің облыстағы мемлекеттік қызметшілердің арасында «Өзгерістерді өзіңнен баста» ішкі бағдарламасын іске асыру үшін жауапты маманы Марал Атамбаева ұсынып отыр.

Аталған марафонды жүзеге асыру аясында Департаментбарлық мемлекеттік қызметшілерді оған белсенді қатысуға шақырады.Марафонға қатысу үшін мемлекеттік қызметші өзінің әлеуметтік желілердегі жеке парақшаларында, не болмаса блогтарындаөзі оқыған кітаптар жайлы айтып беруі тиіс. Қатысушы өзінің жазбаларының соңына міндетті түрде#umytylmasmura хэштегін қосу арқылы өзінің қатысатынын білдіреді.

Жоспар бойынша, аталған марафон ағымдағы жылдың мамыр айына дейін жалғасып, соңында қорытынды жасалады.

Ұйымдастырушылар барлық қатысушылардың кітап оқуда және бұл бастаманы өзгелерге таратуда белсенділік танытып, сананың өзгерістерге ашықтығын көрсететініне сенімді.

Мемлекеттік қызметшілердің назарын кітап оқып, өз білімін дамытуға аударту, олардың санасын арттыру, бәсекеге қабілетті жаңа мемлекеттік қызметшілер ұрпағын қалыптастыру – заманауи мемлекеттік аппаратқа қойылатын талаптардың бірі болып табылатынын атап өткен жөн.

 

Жазира Тоқтар,

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің баспасөз-хатшысы

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив