Ақтөбе облысының ақындары мемлекеттік қызметшілердің шығармашылық әлеуетін дамытуға ықпал етуде

Ақтөбе облысының ақындары мемлекеттік қызметшілердің шығармашылық әлеуетін дамытуға ықпал етуде

Ақтөбеде Мемлекет басшысының «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Өзгерістерді өзіңнен баста» кіші бағдарламасын іске асыру мақсатында көпшілікке кеңінен танымал ақындар Индира Кереева және Гүлжайнар Қалдинаның қатысуымен шығармашылық кеш өтті.

Сонымен қатар,кешке жазушы және айтыскер, қазіргі уақытта ҚР  Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі жұртшылықпен байланыс департаментінің ди⁠ректоры Арман Бердалин және облыстың мемлекеттік қызметшілері қатысты.

Мемлекеттік қызметшілердің санасын жаңғыртуға, ұлттық рухты нығайтуға және шығармашылық әлеуетін дамытуға арналған поэзиялық кеш С. Бәйішев атындағы облыстық кітапханада өтті.

Кеште шығармашылық қайраткерлері өздерінің өлеңдері мен шығармашылық жұмыстарын тыңдаушылар назарына ұсынды.Бұл өз кезегінде мемлекеттік қызметкерлерге жазушылардың мәдениеті және шығармашылық өнерімен жақын танысуға мүмкіндік берді.

«Жалпы бұл керек дүние. Кеш барысында мемлекеттік қызметшілер өздерін басқа қырынан көрсетіп, өлең оқып, поэзияға жақын екендіктерін байқатты. Тіпті кейбіреулері арнайы сұранып та келген. Кеш соңында қатысушылардың кеткісі келмегендігін байқадым. Бұл дегеніміз не? Бір жағынан бұл сұраныстың жоғарылығы болса, екінші жағынан мамандардың бос уақытының болмауына байланысты рухани шөлдеп қалғанын білдіреді. Өз басым осындай кештерді жиі өткізу қажет деп ойлаймын», - деді И. Кереева

Сонымен қатар, ақындар қоғамда өзекті мәселеге айналған  патриотизм, елге деген сүйіспеншілік сұрақтарын көтеріп, түрлі пікірлер мен идеяларды ұсынды.

Кеш соңында тыңдаушылар қатысушыларға, әсіресе ұйымдастырушыларға ерекше ризашылықтарын білдірді.

 

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы

іс-қимыл Агенттігі Ақтөбе облысы бойынша департаментінің баспасөз хатшысы

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив