Ақтауда алғашқы коворкинг орталығы ашылды

Ақтауда алғашқы коворкинг орталығы ашылды

Ауданы 350 шаршы метрді құрайтын нысан  22 жұмыс орнына есептелген. Журналистер мен шығармашылық жолындағы мамандардың, веб және графикалық дизайнерлердің, IT-мамандардың, коучтердің, жеке кәсіпкерлердің жұмысы үшін құрылған коворкинг орталықта 4 кеңсе, конференц-зал және сұхбат бөлмесі бар. Аталмыш орталықта жастар және кәсіпкерлік саласында жүрген мамандардың бас қосып, жұмыс-жоспарын талқылауға қолайлы барлық жағдай жасалған.

"Жұмыстың жаңа форматы жас мамандарға өз пікірлестерін табуға, олармен қандай да бір жобаны ұйымдастыруға көмектеседі, сондай - ақ жастар тарапынан кәсіпкерлікке деген қызығушылықтың артуына және ашықтықтың артуына әсер етеді", - деді облыс әкімі Ералы Тоғжанов. 

Бұндай кең көлемді орталық әзірге тек Алматы мен Астанадан және Ақтау қаласында ғана ашылған.

Сондай-ақ, өңір басшысы Атамекен ауылының жолындағы  №55 автомобиль жолының құрылысын қарап шықты. «ХГМЗ қиылысынан №23,24,28 «А» шағын аудандар қиылысына дейінгі автомобиль жолын жөндеу жұмыстары қысқа уақыт ішінде бітуі тиіс».

Облыс әкімі Ералы Тоғжанов Ақтау қаласы мен Мұнайлы ауданының әкіміне және жауапты мердігер компания басшысына нақты тапсырма берді. Мердігер мекеме Татьяна дүкенінен «Нұрас» жанармай құю бекетіне дейінгі ұзындығы 1,1 шақырым автомобиль жолын 4 жолақты етіп кеңейту үшін жұмыстарды жалғастырады.

Тұрғындарға қолайсыздық туғызбау үшін тиісті шараларды дер кезінде қолға алып, жұмыстың нақты жоспары жасалуы тиіс деді, өңір басшысы.  

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив