Ақтауда жаңа балабақша ашылды

Ақтауда жаңа балабақша ашылды

Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов жаңа балабақшаның ашылу салтанатына қатысты.

240 орындық бөбекжай мемлекеттік-жекеменшік әріптестік механизмі аясында жүзеге асты. 35 жұмыс орны құрылған. Сондай-ақ, «Монтессори», логопед, акт және музыка залы қарастырылған.

-Елбасымыз «Бала тәрбиелеу – болашаққа ең үлкен инвестиция. Біз бұл мәселеге осылай қарап, балаларымызға жақсы білім беруге ұмтылуымыз керек», - деген болатын. «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауында Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев мектепке дейінгі мекемелерде орындар тапшылығын түбегейлі қысқартуды басты мәселелердің бірі етіп көтерді. Сондықтан біз өңірімізде балабақшалар салу мәселесіне аса назар аударып келеміз.Ағымдағы жылы мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында 5 балабақша ашылады. Бүгін соның бірі жұмысын бастады. 2018 жылдың соңына дейін мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында 1120 орындық тағы 4 балабақша саламыз, деді облыс әкімі Ералы Тоғжанов.

Ағымдағы жылы  2895 орындық 24 балабақша пайдалануға беріледі. Балабақша ашуда  облыс кәсіпкерлері белсенділік танытуда. Қазірдің өзінде 714 орындық 10 жекеменшік балабақша  ашылды.

 

Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив