Алкоголь өнімін сатқаны үшін – 40 АЕК айыппұл.

Алкоголь өнімін сатқаны үшін – 40 АЕК айыппұл.

Ағымдағы жылдың шілде айында Астана қаласы ІІД Жергілікті полиция қызметінің учаскелік полиция инспекторы әкімшілік аумақты тексеру барысында  алкоголь өнімін сату фактісін анықтады.  Есенберлин көшесінің бойындағы дүкендердің бірінде сатушы этил спиртінің көлемдік үлесі  40%  асатын «Капитал» маркалы алкоголь өнімін 1989 ж.т. А. есімді азаматқа сатқан.

Алкоголь өнімдерін жүзеге асыру бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзғаны үшін дүкен иесіне 1994 жылы туылған, Б. есімді азаматқа ҚР ӘҚБТк-нің 200-ші бабының 3 тармағы «Қазақстан Республикасы заңнамасының алкоголь өнімін өткізу жөніндегі талаптарын бұзу» бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Астана қаласының Мамандырылған ауданаралық әкімшілік сотының шешімімен Б. есімді азаматқа 40 АЕК (96 200 теңге) көлемінде айыппұл салынып, 1 ай мерзімге дейін алкогольді өнімдерді сату лицензиясы уақытша тоқтатылды.  Сонымен қатар,  лицензияның жоқ болу фактісі бойынша Астана қ. Мемлекеттік кірістер Департаментіне хабарлама жіберілді.

Жыл басынан бері Астана қ. ІІД Жергілікті полиция қызметінің қызметкерлерімен ҚР ӘҚБтК 200 бабы «Қазақстан Республикасы заңнамасының алкоголь өнімін өткізу жөніндегі талаптарын бұзу» бойынша 150-ден астам факті анықталды.

Еске сала кетсек, мейрамханаларда, барларда және дәмханаларда өткiзудi қоспағанда, алкоголь өнiмiн:  сағат 23-тен келесі күнгі сағат 8-ге дейiн; этил спиртінің көлемді үлесі отыз пайыздан асатындарын сағат 21-ден келесі күнгі сағат 12-ге дейін бөлшек сауда арқылы өткiзу – лицензияның қолданысын тоқтата тұрып, жеке тұлғаларға – он, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – қырық, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – сексен, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

Астана қ. ІІД Жергілікті полиция қызметі

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

5 пікір

  1. аватар
    Reva 10 апреля 2024 11:46

    Having read this I believed it was very enlightening. I appreciate you finding the time and energy to put this information together.
    I once again find myself spending a lot of time both reading and commenting.
    But so what, it was still worth it!

    Feel free to surf to my web blog: kup hexasoptin online w Łodzi

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив