«750 миллиард теңге сомадан астам 20 инвест-жобаны қамтуға қол жеткізілді»: Алик Шпекбаев мемлекеттік басқарудағы жобалық менеджментті енгізу туралы

«750 миллиард теңге сомадан астам 20 инвест-жобаны қамтуға қол жеткізілді»: Алик Шпекбаев мемлекеттік басқарудағы жобалық менеджментті енгізу туралы

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимы агенттігінің Төрағасы Алик Шпекбаев мемлекеттік басқарудағы жобалық менеджментті енгізуді сыбайлас жемқорлықтың алдын алудағы мәселелерді шешудегі уақытылы шешім деп атады.

«Мемлекет басшысы тапсырмасының негізінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша жүйелі жұмыстар жалғасын табуда. Пилоттық режимде іске асырылп жатқан сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған жаңа құралдар өз тиімділігін дәлелдеді.

Үш жобалық кесе белсенді жұмыс жасауда. Олардың тәжірибесі барлық республикаға таратылады. Ең бастысы – сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға азаматтық қоғамды кеңінен тарту, қоғамдық бақылауды күшейту, азаматтардың, отандық кәсіпкерлер мен шетел инвесторларының құқықтарын қорғау.

«Protecting Business and Investments» жобалық кеңсесінің инвесторларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеу бағдарламасы бизнес-қоғамдастық арасында оң резонанс көрсетті. Шетел сарапшылары мен инвесторлары жобаға елеулі қызығушылық танытуда.

Бастаманың басталғанының толық емес ай ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеумен 750 миллиард теңге сомадан астам 20 инвест-жобаны қамтуға қол жеткізілді. Еліміздің барлық өңірлерінде аталған жобаны енгізу жоспарлануда.  Бұл жұмыс Агенттікке еліміздің эконокамикалық дамуына және ЖІӨ өсуіне айтарлықтай үлесін арттыруға мүмкіндік береді», - деді Алик Шпекбаев Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимы агенттігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде сөз сөйлеуінде.

А.ж. 1-ші жартыжылдығы қызметінің қорытындысы бойынша мәжілістің күн тәртібіндеге маңызды мәселелердің ішінде – халыққа және бизнеске мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу.

Алик Шпекбаевтың атап өткендей, сервистік мемлекетті құру мақсатында мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді ауқымды автоматтандыру және мемлекеттік органдардың дерекқорын интеграциялау жүргізілуде.

Қазіргі күні мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің 78%электронды түрде және «Мемкорпорация «Азаматтарға арналған үкімет» арқылы көрсетілуде, бұл өз кезегінде 2/3 бөлігінен астам тұрмыстық сыбайлас жемқорлықті азайтуға мүмкіндік берді.

  Үкіметпен жүргізілген белсенді бірлескен жұмыс жартыжылдықта «электронды үкімет» порталымен интеграциялауды 15% өсуін қамтамасыз етті. Сонымен бірге, 2008 - 2017 жылдар кезеңінде ол тек 12 % ғана құраған.

Ең талап етілетін қызметтерді электронды үлгіге ауыстыру бойынша жылдамдатылған жұмыс жүргізілуде, бұл «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын дамытуға қосқан сөзсіз үлес.

Сондай-ақ мемлекеттік орган басшысы соңғы екі жылда мемлекеттік органдармен жол берілетін бұзушылықтардың санының 8 есеге қысқарғанын атап өтті(2016 жылғы 800 мыңнан а.ж. жартжылдықта 100 мыңға дейін). Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің мерізімн сақтамау деректері 4 еседен астамға қысқартылды.

Түсіндірудегі қайшылықтарды болдырмау және мемлекеттік қызметтер көрсету процессін оңайлату үшін Агенттікпен мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің бірыңғай стандартын енгізу жөнінде нақты ұсыныстар енізілді. Бұл мәселе Ақпарат және коммуникациялар министрлігімен бірлесіп қарастырылуда.

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша жүйелі және кешенді жұмыстар жүргізілуде.

Агенттікпен еліміздің жоғары оқу орындарында өңделген сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттар «Саналы ұрпақ» жобасының аясында енгізілетін болады.

Үкіметтік емес сектормен және азамататқы қоғам институттарымен өзара іс-қимыл жаңа деңгейге шығарылды.

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алудағы ерекше рөлді бей-жай емес азаматтар мен жұртшылықтың қатарынан құралған арнайы мониторингтік топтың жұмысы алады.

Бюджеттік қаражатты мақсатты қолдануда, сондай-ақ төртінші деңгейдегі бюджетте азаматтық бақылауды қамтамасыз етуге бағытталған «Қоғамдық бақылау картасы» жобасына маңызды назар аударылған.

«Кез келген сыбайлас жемқорлық көріністер қатаң тоқтату бойынша Агенттік шешімділігіне қатысты иллюзиялар ешкімде  болмау керек. Сондай-ақ бұл Қазақстанда қолайлы бизнес-климаттың қалыптасыуына да қатысты.

Қандай да бір  заңсыз араласу, мерзімдерді созу және т.б. бюрократиялық «қабылдау» қолданыстағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатқа сын-тегеурін ретінде есептелетін болады. Басқару шешімдерді қабылдайтын лауазымды тұлғалардың жеке мүдделері мемлекеттік мүдделерге қарама қайшы болмау қажет.

Біз үшін қылмыстық сызбаларды бұза отырып, сыбайлас жемқорлықтың көріністерінің жағымсыз әсерінен қанша адамды қорғай алғандығымыз маңызды» - деп атап өтті Алик Шпекбаев.

Агенттікте сыбайлас жемқорлықтың алдына алу саласындағы аумақтық департаменттің жұмыстарының нәтижелерін бағалаудағы жаңа тәсілдерді қарастырдық. Бағдар процесстен нақты нәтижелерді жетуге жылжытылды.

Алик Шпекбаев Агенттіктің күштерін ЭЫДҰ Стамбулдық іс-қимыл жоспарының ұсынымдарын іске асыруға шоғырландыруды тапсырды. Сондай-ақ уәдені /параны ұсынуды қылмыстандыру, жалпыға бірдей шығысты мағлұмдауды енгізу арқылы заңсыз баю үшін қылмыстық белгілеу.

Сондай-ақ ол Транспаренси Интернешнл рейтингінде еліміздің позициясын күшейту қажеттілігін айтып өтті.

 

 МҚІСЖҚА баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив