Адамның денсаулығына қарсы құқықбұзушылықтар

Адамның денсаулығына қарсы құқықбұзушылықтар

Жеке адамға қарсы қылмыстар туралы істер жөніндегі қылмыстарды саралау және тиісінше, оларды жасаған адамдарға әділ жаза тағайындау кезінде қылмыстық заңды дұрыс қолдануды қамтамасыз ету үшін кінә нысанын, ниетінің түрін, қылмыс жасаудың мәні мен мақсатын, тәсілін, жағдайы мен сатысын, келтірілген зардаптардың ауырлығын анықтау қажет. Қылмыстық процесті жүргізетін органдар іс жүргізу құжаттарында (айыптау қорытындысында, үкімде) өз тұжырымдарын жол берілетін анық дәлелдемелерді келтіре отырып негіздеулері тиіс.

Қылмысты бірнеше адам жасаған кезде олардың арасында қылмыс жасауға алдын ала сөз байласу болған-болмағанын, рөлдері бөлінген-бөлінбегенін, қылмыс жасалған кезде олардың әрқайсысының қандай әрекеттер жасағанын, сондай-ақ барлық өзге де мән-жайларды анықтап, солардың негізінде адамдардың топ болып, алдын ала сөз байласу бойынша топ болып немесе ұйымдасқан топ болып әрекеттер жасағандары туралы қорытынды жасау және жауаптылыққа тартылған адамдардың әрқайсысының қатысу нысанын айқындау, олардың әрекеттерін жеке-жеке саралап әділ жаза тағайындау қажет.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 28-бабының екінші бөлігіне сәйкес, бір ниетпен әрекет еткен, осыған орай қылмыс жасау процесіне тікелей өздері қатысқан (қылмыстың объективтік жағын орындаған) не жасына, ақыл-есі дұрыс еместігіне немесе ҚК көзделген басқа да жағдайларға байланысты қылмыстық жауаптылыққа тартылуға жатпайтын басқа да адамдарды пайдалану арқылы қылмыс жасаған, сондай-ақ тетіктер мен жануарлардың көмегімен қылмыс жасаған адамдарды қылмыстың орындаушылары деп тану керек. Олардың әрекеттері ҚК-нің 28-бабына сілтеме жасалмай, қылмыс жасағаны үшін жауаптылық көздейтін тиісті баптың бөлігі (тармақтары) бойынша саралануға жатады.

Заңға сәйкес ұйымдастырушы, көмектесуші, қылмысқа айдап салушы деп танылған басқа қатысушылардың әрекеттері, егер олар бір мезгілде осы қылмыстың қоса орындаушысы болып табылмаса, ҚК 28-бабына сілтеме жасала отырып, орындаушы жасаған қылмыс үшін жауаптылық көздейтін бап бойынша саралануы қажет.

Қоғамдық қауіпсіздікті бұзу, халықты үрейлендіру не Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының, шет мемлекеттің немесе халықаралық ұйымның шешім қабылдауына ықпал ету мақсатында адам өміріне қастандық жасалса не дәл сол мақсаттарда мемлекеттік немесе қоғамдық қайраткер қасақана өлтірілсе немесе оның мемлекеттік немесе өзге де саяси қызметін тоқтату мақсатында, сондай-ақ көрсетілген адамдар осындай қызметі үшін кек алу мақсатында өлтірсе іс-әрекет ҚК  233-бабының төртінші тармағы бойынша саралануы тиіс және жасалған әрекет ҚК 96-бабы бойынша қосымша саралауды талап етпейді.

 

Г.Кабыкенова

Астана қаласы Сарыарқа ауданының №2 аудандық сотының бас маманы

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив