«Түбіртекті талап ет те – жүлдені ұтып ал!» науқаны

«Түбіртекті талап ет те – жүлдені ұтып ал!» науқаны

Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының қолдауымен 2018 жылғы 21 мамырдан бастап «Түбіртекті талап ет те – жүлдені ұтып ал!» кезекті акцияcы басталғанын хабарлайды.

Акцияның мақсаты азаматтық белсенділікті арттыру, тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердің тұтынушылары ретінде өз мүдделерін қорғау мәселелерінде азаматтардың құқықтық мәдениетін тәрбиелеу, көлеңкелі экономиканың мөлшерін қысқарту, сондай-ақ кәсіпкерлер арасында әділ бәсекелестікті ынталандыру болып табылады.

Осылайша, Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті азаматтарымызға салық заңнамасын сақтау бойынша қоғамдық бақылауға қатысуына, және оның үстіне бағалы сыйлықтар ұтып алуға мүмкіндік береді.

Өткен жылдағыдай, ағымдағы жылы да акция «Wipon» мобильді қосымшасы арқылы жүзеге асырылатын болады, бұл қосымшаны Apple App store және Google Play market-тен тегін жүктеуге болады.

Акцияға фискалды чектің суретін жіберу жолымен тауардың, жұмыстың немесе қызметтің тұтынғанын растаған Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады. Егер фискалды чек берілмеген жағдайда, азаматтар бұл бұзушылықтарға шағым жасауы мүмкін. Қайталанып жіберілген фискалды чектер ұтысқа қатыспайды.

Чектерді қабылдау ағымдағы жылғы 21 мамырдан 30 қарашаға дейінгі кезеңге жүргізіледі. Осы кезеңде барлық облыстар мен Астана және Алматы қалаларында сыйлықтардың ұтысы мен оларды табыстау өтеді.

Бас финал жылдың соңында ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінде өтеді. Онда бағалы сыйлықтар, оның ішінде бас жүлде – автомобиль ұтысқа салынады.

Ұтыс жеңімпаздары чекті кездейсоқ таңдау әдісімен анықталатын болады. Осылайша, қатысушы қаншалықты көп чек жіберсе, жүлдені ұтып алу мүмкіндігі де соншалықты өсе түседі.

Акция кәсіпкерлердің қолма-қол ақшамен тауарларды сатып алғаны, жұмыстарды орындағаны және қызметтерді көрсеткені үшін ақшалай есеп-айырысулар кезінде чектердің беруін қамтамасыз етуге бағытталған.

 

Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив