Арнаулы салық режимдерінің түрлері

Арнаулы салық режимдерінің түрлері

Астана қаласы Алматы ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы келесіні хабарлайды,

ҚР Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы Кодексінің 678 бабына сәйкес, салық төлеуші мынадай арнаулы салық режимдерінің біреуін:

1) шағын бизнес субъектілері үшін мыналарды:

патент негізіндегі арнаулы салық режимін;

оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режимін;

тіркелген шегерім пайдаланылатын арнаулы салық режимін қамтитын арнаулы салық режимдерін;

2) ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер үшін арнаулы салық режимдерін:

шаруа немесе фермерлік қожалықтар үшін арнаулы салық режимін;

ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер мен ауыл шаруашылығы кооперативтері үшін арнаулы салық режимін таңдауға құқылы. Сондай-ақ, патент жеке табыс салығын төлеу фактісін (төлем көзінен ұстап қалатын жеке табыс салығын қоспағанда), әлеуметтік төлемдерді растайтын электрондық құжат болып табылады.

 Арнаулы салық режимiн таңдау және оны қолдануды тоқтату тәртібіне келсек,

1) жеке тұлғалар – жеке кәсіпкер ретінде тіркеу есебіне қою үшін осы Кодекстің    79-бабына сәйкес жіберілетін хабарламада;

2) жаңадан құрылған заңды тұлғалар – әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден кейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей салық органына уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша салық режимін қолдану туралы хабарламада;

3) салық салудың жалпыға бірдей белгiленген тәртібінен патент негізінде арнаулы салық режиміне ауысқан кезде – патент құнын есептеуде;

Ал, басқа да арнаулы салық режимдеріне ауысқан кезде – уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша қолданылатын салық салу режимі туралы хабарламада жүзеге асырылады.

Егер жаңадан құрылған салық төлеушi осы тармақтың бірінші бөлігінде айқындалған тәртiппен арнаулы салық режимiн таңдап алмаған жағдайда осындай салық төлеушi қолданылатын салық салу режимi туралы хабарлама бергенге дейiн салық салудың жалпыға бірдей белгiленген тәртiбiн таңдап алды деп танылады.

Жаңадан құрылғанын қоспағанда, салық төлеушi арнаулы салық режимiн қолдану шарттарына сәйкес келген кезде:

1) жалпыға бірдей белгiленген салық салу тәртiбiнен немесе шаруа немесе фермер қожалықтары үшiн арнаулы салық режимiнен – патент негiзiнде;

2) жалпыға бірдей белгiленген салық салу тәртiбiнен, патент негiзiндегi арнаулы салық режимiнен немесе шаруа немесе фермер қожалықтары үшiн арнаулы салық режимiнен – оңайлатылған декларация негiзiнде;

3) жалпыға бірдей белгiленген салық салу тәртiбiнен, шағын бизнес субъектiлерi үшiн басқа да арнаулы салық режимдерiнен, сондай-ақ ауыл шаруашылығы өнiмiн өндiрушiлер үшiн арнаулы салық режимдерiнен – тіркелген шегерім пайдаланылатын;

4) жалпыға бірдей белгiленген салық салу тәртiбінен немесе шаруа немесе фермер қожалықтары үшiн арнаулы салық режимiнен – ауыл шаруашылығы өнiмiн өндiрушiлер үшiн арнаулы салық режимiне ауысуға құқылы.

Осы Кодекстің 703-бабының 4-тармағында белгіленген жағдайда шаруа немесе фермер қожалықтары қолданылатын барлық салық салу режимі туралы хабарламада қолданылатын барлық салық режимдерін көрсетеді.

           Салық салудың осындай режимi үшін осы бөлімде белгiленген хабарламада арнаулы салық режимін қолдану шарттарының сәйкес келмеуі жағдайлары туындауын қоспағанда, таңдалған арнаулы салық режимi күнтiзбелiк жыл iшiнде өзгертуге жатпайды.

           Салық салудың жалпыға бiрдей белгiленген тәртiбіне ауысқан кезде шағын бизнес субъектілеріне арналған арнаулы салық режимiне кейіннен көшу жалпыға бiрдей белгiленген тәртiптi қолданудың күнтiзбелiк бiр жылынан кейін мүмкiн болады.

Арнаулы салық режимiн қолдануға мүмкiндiк бермейтiн талаптар туындаған жағдайларда салық төлеушi жалпыға бiрдей белгiленген салық салу тәртібіне немесе өзге де арнаулы салық режимiне көшу үшiн осындай жағдайлар туындаған күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде қолданылатын салық салу режимi туралы хабарлама беруге мiндеттi.

           Қолданылатын салық салу режимі туралы хабарламаны салық төлеушілер тұрған жеріндегі салық органына қағаз жеткізгіште немесе электрондық нысанда, оның ішінде «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы ұсынады.

           Салық органы тиісті арнаулы салық режимiн қолдану үшiн осы бөлiмде белгiленген шарттарға салық төлеушiлердің сәйкес келмеуi фактiсін анықтаған кезде салық төлеушiлердi жалпыға бiрдей белгiленген тәртiпке ауыстырады.

Камералдық бақылау барысында осындай фактілер анықталған жағдайда салық органдары жалпыға бiрдей белгiленген тәртіпке ауыстырғанға дейін салық төлеушiге осы Кодекстiң 114 және 115-баптарында белгiленген мерзімде және тәртіппен осы Кодекстің 10-тарауына сәйкес камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар туралы хабарлама немесе камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар туралы хабарлама жолдайды.

Таңдалған арнаулы салық режимiн қолдануды бастау күні болып,

- дара кәсіпкер ретінде қызметiн бастағаны туралы хабарламада таңдалған арнаулы салық режимiн көрсеткен жаңадан құрылған жеке кәсіпкерлер үшін – салық органдарында дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебіне қою күні;

- осы бапта белгіленген мерзімде қолданылатын салық салу режимі туралы хабарламаны ұсынған жаңадан құрылған заңды тұлғалар үшін – әділет органдарында мемлекеттік тіркеу күні;

- басқа жағдайларда – қолданылатын салық салу режимі туралы хабарлама ұсынылған айдан кейінгі айдың 1-күні болып табылады.

- Осы баптың 8-тармағына сәйкес арнаулы салық режимiне көшкен кезде арнаулы салық режимiн немесе салық салудың жалпыға бірдей белгiленген тәртiбін қолдану – салық салудың қолданылатын режимі туралы тиiстi хабарлама берiлген айдың соңғы күнiнен бастап тоқтатылады.

           Сондай-ақ, Арнаулы салық режимiн қолдануға мүмкiндiк бермейтiн жағдайлар туындаған кезде салық төлеушіні арнаулы салық режимінен салық салудың жалпыға бірдей белгiленген тәртібіне көшіру кезінде салық салудың жалпыға бірдей белгiленген тәртібін қолданудың басталу күні осындай жағдайлар туындаған айдың 1-күні болып табылады.

 

Алматы ауданы бойынша Мемлекеттік 

кірістер басқармасының салық төлеушілерді

тіркеу, ақпараттарды қабылдау және өңдеу

орталығының бөлім басшысы                                     

Д.М. Шаденов

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 2

5 пікір

  1. аватар
    Brooke 2 декабря 2023 12:23

    With havin so much written content do you ever run into any problems of plagorism or
    copyright infringement? My website has a lot of unique content
    I've either authored myself or outsourced but
    it seems a lot of it is popping it up all over the internet without my authorization. Do you
    know any methods to help protect against content from being stolen? I'd certainly appreciate it.


    Here is my website: farmacia en línea de
    asacol en São Paulo

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив