Азаматтық  процесте мемлекеттік бажды қайтару

Азаматтық процесте мемлекеттік бажды қайтару

Соттар азаматтық істер бойынша сот төрелігін атқару кезінде сот шығындарымен байланысты мәселелерді Қазақстан Республикасының Азаматтық  процестік кодексінің  8-тарауының ережелеріне, Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы"  Кодексінің  79-тарауының 1-параграфына, сондай-ақ ҚР-ның Жоғарғы Сотының 2006 жылғы 25 желтоқсанында қабылданған «Қазақстан Республикасы соттарының азаматтық істер бойынша сот шығындары туралы заңдарды қолдануы туралы» N 9 Нормативтік қаулысымен және  басқа да нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес шешіледі.

АПК-тің  107-бабы  бойынша мемлекеттік бажды қайтару тәртібі "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінде  айқындалады.

Салық кодексінің 548-бабының ережелеріне сәйкес   азаматтық іс бойынша төленген мемлекеттiк баж сомалары    қайтарылады, егер     талапкер өз талаптарын азайтатын жағдайларды қоспағанда, мемлекеттiк баж осы Кодекс бойынша талап етiлгеннен көбiрек мөлшерде енгiзiлгенсе;  іс төрелікке берілсе;   іс бірінші және апелляциялық сатылардағы соттарда тараптардың татуласу келісімімен, дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісіммен немесе дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісіммен аяқталған жағдайда – толық көлемде, кассациялық сатыдағы сотта – сот актісін кассациялық тәртіппен қайта қарау туралы өтінішхат берген кезде төленген соманың 50 пайызы мөлшерінде;    iс жүргiзу тоқтатылған немесе, егер iс соттың қарауына жатпайтын болса, сондай-ақ талапкер осы iстер санаты үшiн белгiленген дауды алдын ала шешудiң тәртiбiн сақтамаған не талап қоюды әрекетке қабiлетсiз адам табыс еткен жағдайда талап қою қараусыз қалдырылған;  мемлекеттiк бажды төлеген адамдар заңдық мәні бар iс-әрекеттердi жасаудан немесе осы заңдық мәні бар iс-әрекеттердi жасаған органға жүгiнгенге дейiн құжатты алудан бас тартқанда;  сот актісін кассациялық тәртіппен қайта қарау туралы кассациялық шағым немесе өтінішхат қайтарылса, сонымен қатар  Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде белгiленген өзге де жағдайларда iшiнара немесе толық қайтарылған жағдайларда.

 Салық кодексінің   541-бабында соттарда мемлекеттiк баж төлеуден босатылған тұлғалар  көрсетілген. 

Атап  айтқанда, Ұлы Отан соғысына қатысушылар және оларға теңестiрiлген адамдар, Ұлы Отан соғысы жылдары тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдар, 1941 жылғы 22 маусым мен 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет еткен) және Ұлы Отан соғысы жылдары тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталмаған адамдар, мүгедектер, сондай-ақ бала жастан мүгедектердің ата-аналарының бірі - барлық iстер мен құжаттар бойынша; талапкерлер - еңбекке ақы төлеу сомаларын өндiрiп алу туралы талап қою және еңбек қызметiне байланысты басқа да талаптар бойынша;  алименттердi өндiрiп алу туралы талап қою бойынша;   мертiгуге немесе денсаулығына зақым келтiрiлуге, сондай-ақ асыраушысының қайтыс болуына байланысты келтiрiлген зиянды өтеу туралы талап қою бойынша;  қылмыстық құқық бұзушылықпен келтiрiлген материалдық залалды өтеу туралы талап қою бойынша және   де    басқалар.  

Салық кодексі бойынша мемлекеттік баж төлеуден босатылған тұлғалар   сотқа   жүгінгенде    заңның талабын білмегендіктен  мемлекет   баж төлеп  жатады.  Сондықтан, мемлекеттік  баж төлеуден басатылғандарға  төлеген  баждың сомасы  бюджет есебінен қайтарылады.

Мемлекеттік баж  талапкер талап қоюдан бас тартқан;  талапкер өз талаптарын азайтқан  және  сот бұйрығы күшін жойған жағдайларда қайтарылмайды.

Атап айтқанда,   АПК-нің 137-бабы  бойынша  өндіріп алушы төлеген мемлекеттік баж сот бұйрығының күші жойылған кезде қайтарылмайды. Өндіріп алушы борышкерге талап қою ісін жүргізу тәртібімен талап қойған кезде ол төленуге жататын мемлекеттік баж есебіне есептеледі.

 Салық органы мемлекеттiк бажды қайтару үшiн негiз болып табылатын тиiстi мемлекеттік органның құжатын, сондай-ақ мемлекеттiк баждың төленгенiн растайтын құжатты салық төлеушiден алғаннан кейiн, егер аталған құжаттар салық органына мемлекеттiк баж сомасы бюджет есебіне жазылған күннен бастап үш жыл мерзiм өткенге дейiн табыс етiлген болса, төленген мемлекеттiк баж сомасын қайтару туралы салықтық өтiнiштi қарайды.  

 Бюджетке төленген мемлекеттік баж сомасын салық төлеушінің банктік шотына қайтаруды салық органдары оның мемлекеттік баж сомасын төлегені туралы төлем құжаты қоса берілген салықтық өтінішінің, сондай-ақ тиісті органның оны қайтару үшін негіз болып табылатын құжатының негізінде жүргізеді.

Сот оның пайдасына іс бойынша тарап болып табылатын мемлекеттік мекемеден мемлекеттік бажды өндіріп алу туралы шешім шығарған төлеушіге мемлекеттік баж сомасын қайтаруды салық органы мемлекеттік баждың бюджетке төленгені туралы төлем құжаты мен заңды күшіне енген сот шешімі қоса берілген мемлекеттік баж төлеушінің салықтық өтініші негізінде жүргізеді.

Бюджетке төленген мемлекеттік баж сомасын қайтаруды ол төленген жердегі салық органдары, қайтаруға салықтық өтініш берілген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде мемлекеттік баж сомасы есебіне жазылған бюджеттік сыныптаманың тиісті кодынан жүргізеді.

 

К.Ермаганбетова

Астана қаласы Есіл аудандық сотының судьясы

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

4 пікір

  1. аватар
    Natasha 26 августа 2023 13:03

    Right here is the right website for everyone
    who wishes to find out about this topic. You know so much
    its almost tough to argue with you (not that I really will need to…HaHa).

    You definitely put a fresh spin on a subject that's been discussed for
    years. Excellent stuff, just great!

    Feel free to visit my web site: Ariel

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив