Жолдау жаңа міндеттер жүктейді.

Жолдау жаңа міндеттер жүктейді.

Тарих өзінің тағы бір парағын аударды. Өткен жыл Қазақстан үшін табысты өтіп, алдағы жылда күтілетін мақсаттар мен міндеттер айқындалып, еліміз өз даму жолымен жылжи бермек.

Осы орайда Елбасы – Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев 2018 жылғы 10 қаңтарда «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» аталатын Қазақстан халқына кезекті Жолдауын жариялады. Өз Жолдауында Елбасы әдеттегідей келешекте орын алуы ықтимал жаһандық сын-қатерлерді ескере отырып, Қазақстанның оны еңсеруге дайын болуы қажеттігіне назар аударды.

Қазақстан дамуы үшін маңызды роль атқаратын «Қазақстан - 2050», «Бес институционалдық реформа 100 нақты қадам» бағдарламаларының жүзеге асыру нәтижелері, сондай-ақ индустрияландыру бағдарламасы мен «Цифрлы Қазақстан» кешенді бағдарламарының іске асырылу тетіктерін егжей-тегжейлі айқындап берді.

Кезекті жолдау жаңа әлемге, немесе Төртінші өнеркәсіптік революция әлеміне бейімделу мен жетістікке жету жолын табу үшін не істеу қажеттігін айқындайды.

Бұл мақсатқа жету үшін Елбасы жолдауын 10 бағытқа негіздеп, шешуші тетіктерін анықтады.

Елбасы жолдауында әдеттегідей әуелі халықтың әлеуметтік әлеуетін көтеру, саяси-экономикалық, сонымен қатар индустрияландыру жаңа технологияларды енгізу, ресурстық әлеуетті одан әрі дамыту, «Ақылды технологиялар» – агроөнеркәсіп кешенін қарқынды дамыту мүмкіндігі, көлік-логистика инфрақұрылымының тиімділігін арттыру, құрылысқа және коммуналдық секторға заманауи технологияларды енгізу, қаржы секторын «қайта жаңғырту», адами капитал – жаңғыру негізі, тиімді мемлекеттік басқару, жемқорлықпен күрес және заңның үстемдігі және «Ақылды қалалар» «ақылды ұлт» - аталатын бағыттарға бөліп әрқайсына жеке-жеке негіздемелер берілді.

Тиісінше аталған міндеттерді шешу үшін мемлекеттік органдар тарапынан тиісті жоспарлар құрылып жолдаудың жүзеге асыру жұмыстары атқарылатын болады.

Президент жолдауының сегізінші міндетінде мемлекеттік әкімшілендіру кезінде кәсіпкерлер мен тұрғындардың шығындарын қысқартуға байланысты жұмыстар атқаруды, осыған орай бизнесті реттеуге қатысуды әрі қарай азайтуға бағытталған заң қабылдауды жылдамдатуды тапсырды. «Бір терезе» қағидаты бойынша бизнеске мемлекеттік қолдау көрсету үдерістерін цифрландыруды қамтамасыз ету және мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінің интеграциясы «бір өтініш» қағидаты бойынша жекелеген мемлекеттік қызмет көрсетуден кешенді қызмет көрсетуге көшуге мүмкіндік беретіндігін атап өтті.

Бизнесті дамыту, жеке кәсіпкерлікке қолдау көрсету және әкімшілік кедергілерді жою мақсатында ҚР Әділет министрлігімен бірқатар нәтижелі жұмыстар атқарылды. Бұл ретте Дүниежүзiлiк Банктiң «Doing Business» рейтингiндегi «Кәсiпорындарды ашу» және «Меншікті тіркеу» индикаторлары бойынша ұстанымды жақсарту әділет органдарының міндеттерінің басым бағыттарының бірі.

Осыған орай, әділет органдары қызметінің басым бағыттарының бірі болып бизнес жасауды жеңілдету болып белгіленді. Аталған міндетті жүзеге асыру тетігі заңнамалық нормаларды уақыт талаптарына сәйкес келтіруге негізделіп, кезең-кезеңмен жүзеге асырылуда. Қазіргі уақытта тіркеу рәсімі шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін тек қана хабарлау сипатына көшу жолымен рұқсат ету сипатын жойды.

Заңды тұлғаны тіркеу автоматтық тәртіпте «электрондық үкіметтің» веб-порталында жүргізіледі, оның дәлелі ретінде заңды тұлғаны тіркеу туралы электрондық анықтама алу жеткілікті.

Өз кезегінде тіркеу кезінде тапсырылатын құжаттар тізбесінен жарғы, заңды тұлғаның орналасқан жері туралы құжат, құрылтайшы-заңды тұлғаның салықтық борышының жоқтығы туралы анықтама сияқты құжаттарды ұсыну талаптары алынып тасталды. Бұрын беріліп келген заңды тұлғаны тіркеу туралы куәлікті мүдделі субъектілер үшін «электрондық үкіметтің» веб-порталында қолжетімді электрондық анықтама алмастырды.

Осылайша, салық заңнамаларына сәйкес 2015 жылдың 1 қаңтарынан шағын және орта кәсіпкерлік субъектісіне жатқызылған заңды тұлғаны тіркегені үшін алынатын төлемақы алынып тасталды. Электрондық тіркеудің мерзімі жеке кәсіпкерлік субъектілері үшін «электрондық үкіметтің» веб-порталында едәуір қысқартылды.

Баяндалған заңнамалық жаңалықтар кәсіпкердің құжаттары заң талаптарына сәйкес болған жағдайда бизнесін жеделдетіп ашуына толықтай  мүмкіндік береді.

Жолдауға сәйкес бұл бағыттағы шаралар әлі де жетілдіруді талап етеді. Сондықтан Елбасының кезекті жолдауынан туындайтын тиімді мемлекеттік басқару тетігін қалыптастыруда жүйелі іс-шаралар жүзеге асырылатын болады.

Жұмылып тиімді атқарылған жұмыс ҚР Президенті Н.Назарбаев қойып отырған басым міндет озық дамыған отыз елдің қатарына кіру мақсатын жеделдетпек.

 

Е.Рашқалиев

Орал қаласының Әділет басқармасының басшысы

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив