Омбудсмен банктік қарызы бойынша берешекті өндіріп алу туралы сот тәжірибесінің мәселесі бойынша Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасына жүгінді

Омбудсмен банктік қарызы бойынша берешекті өндіріп алу туралы сот тәжірибесінің мәселесі бойынша Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасына жүгінді

Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілі (Омбудсмен) Асқар Шәкіров кепілге қойылған мүлік арқылы қарызын өндіріп алу туралы сот тәжірибесі мәселесі бойынша Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы Жақып Асановқа жүгінді.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, банктер банктік қарыз шартында көзделген қарыздарды өтеу бойынша кез келген шараларды қолдануға, соның ішінде соттан тыс немесе сот тәртібімен кепілге салынған мүлік арқылы өндіріп алуға құқылы.

Үндеуде мемлекетпен ипотекалық несиені қайта қаржыландыру бағдарламасы шеңберінде азаматтарға қолдау көрсету үшін қажетті шараларды қабылданып жатқаны аталып өтілді. Осы құжатқа сәйкес, халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын қарыз алушыларға, сондай-ақ 2004 жылдан 2009 жылға дейінгі кезеңде ипотекалық несие алғандарға көмек көрсету көзделген.

Осы жылдың ақпанында Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жоғарыда аталған Бағдарлама критерийлеріне сәйкес келетін қарыз алушыларды шығару тәртібін тоқтата тұру туралы екінші деңгейлі банктерге ұсыныстар жіберді.

Омбудсмен сондай-ақ, заңды күшіне енген сот актілері бар ипотекалық тұрғын үй/ипотекалық қарыздар аталмыш Бағдарлама шеңберінде қайта қаржыландыруға жатады

Азаматтардың келіп түскен өтініштерін талдау және тиісті сот тәжірибесі көрсеткендей, соттар кепіл мүлкін сату жолымен берешекті өндіріп алу туралы банктердің талаптарын қарастырған кезде, әдетте олардың пайдасына шешім қабылданатыны куәләндырады.

Адам құқықтары жөніндегі уәкіл қабылданған сот шешімдеріне және борыштық міндеттемелерді орындау қажеттілігі туралы банктердің талап арыздарының негізділігіне наразылық білдірмей, сонымен қатар, соттардың мұндай істерді жеке тәртіппен, барлық мән-жайларды ескере отырып, сондай-ақ, банктік қарызы бойынша міндеттемелерінің мерзімін кейінге қалдыру немесе тәртібін өзгерту мүмкіндігін қарастырудың маңыздылығын атап өтті. Бұл жағдайда әңгіме тек халықтың әлеуметтік әлсіз топтарына жататын, кепілдік қамтамасыз ету үшін жалғыз тұрғын үйін ұсынған және қиын қаржылық жағдайды бастан кешіріп жүрген қолдауға мұқтаж қарыз алушылар туралы айтылып отыр.

Бұрын бұл мәселе Омбудсменнің тиісті органдарға, оның ішінде ҚР Ұлттық Банкіне жіберілген үндеулердің нысаны болды, алайда азаматтардың ұлттық құқық қорғау мекемесіне келіп түскен шағымдары мәселенің сақталып отырғанын куәләндырады.

Жоғарғы Сот Төрағасымен ынтымақтастық туралы қолданыстағы Меморандумға сәйкес, Адам құқықтары жөніндегі уәкіл банк қарыздарын өндіріп алудың сот тәжірибесін қорытындылаған кезінде, мемлекетпен қолға алынып жатқан ипотекалық қарыз алушыларға қолдау шараларын, атап айтқанда халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын азаматтардың жалғыз тұрғын үйін сақтап қалуын ескеру өтінішін білдірді.

Халықаралық стандарттарға сәйкес, көшіру үйсіз адамдардың немесе басқа да құқықтардың бұзылуына ұшыраған адамдардың пайда болуына алып келмеуі керек. БҰҰ Арнайы баяндамашысы Р. Рольниктің жеткілікті тұрғын үй мәселесі бойынша оның Қазақстанға сапары қорытындысы бойынша, аз қамтылған отбасылардың несие және ипотекалық қарыздарды өтеу қабілетсіздігіне орай азаматтарды мәжбүрлеп үйден шығару мәселесіне ерекше көңілі бөлінді.

                                                                                                       

ҚР Адам  құқықтары жөніндегі уәкіл аппаратының

баспасөз-қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив