«Сергек» камерасы арқылы 523 қылмыстық іс ашылды

«Сергек» камерасы арқылы 523 қылмыстық іс ашылды

Бірінші маусымға дейін 13 мың камераның монтаж жұмыстары аяқталып, іске қосылады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. 

Бүгін бас қаладағы ахуал орталығына Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев пен «Атамекен» ҰКП Президиумының төрағасы Тимур Кулибаев келді. Сапар барысында олар ІТ технология саласындағы Қазақстанның ең бірінші экспорт өнімдерімен танысты. 

Мамандар фото-бейнетіркеу жүйесін енгізудің артықшылықтары туралы айтып берді. Мамандардың айтуынша, камераның арқасында қылмыс айтарлықтай азайған. «Сергек» камерасын орнату орта есеппен алғанда қылмыс санын 30 пайызға, жол-көлік оқиғаларын – 18 пайызға төмендеткен. 

«Транспорт жүргізушілерінің тәртібі күшейді. Одан басқа, 500-ден астам қылмыстық іс ашылды, оның ішінде 4 кісі өлімі бар», - деді Әсет Исекешев. 

Әкімнің сөзіне қарағанда қазіргі таңда қоғамдық орындарда адамның түр-әлпетін тани алатын жүйені енгізу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл жаңашылдық (ноу-хау) полицейлердің жұмысына көп көмегін тигізеді, яғни ТЖ жағдайы мен жаппай төбелесті тәртіп сақшылары гаджет арқылы оқиға орнын көре алады. Бұл жағдайды бағалауға және тиімді әрекет жасауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, бүгінде жүйе қасақана бұзушылар мен қарызы барларды да автоматты түрде анықтап бере алады. 

Тимур Кулибаев жүйенің жұмысына оң баға беріп, жекеменшік бизнес аумағында да камера орнатуда бірігіп әрекет жасауға уәде берді. 

Бүгінде қалада 6365 камера біріктіріліп, орнатылған. 1 маусымға дейін Астанада 13 мың жол камерасын монтаждап, іске қосуды жоспарлап отыр.

 

 Астана қаласы Әкімінің баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив