Мемелеттік қызметтегі мүдделер қақтығысы

Мемелеттік қызметтегі мүдделер қақтығысы

ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» және «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңдарына сәйкес, мүдделер қақтығысы - жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдардың, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдардың, оларға теңестірілген адамдардың, лауазымды адамдардың өзінің лауазымдық өкілеттіктерін орындамауына немесе тиісінше орындамауына әкеп соғуы мүмкін мемлекеттік қызметшінің жеке басының мүдделері мен оның лауазымдық өкілеттіктері арасындағы қайшылық.

Жеке бас мүдделері деп тікелей немесе делдалдар арқылы өзі немесе басқа да тұлғалар үшін пайда табу, мүліктік (мүліктік емес) игіліктер мен артықшылықтар алуды түсінуге болады.

Жоғарыда көрсетілген тұлғаларға мүдделер қақтығысы орын алған жағдайда, лауазымдық міндеттерді жүзеге асыруға тыйым салынады.

Сонымен қатар, аталған адамдар мүдделер қақтығысын болғызбау және шешу бойынша шаралар қабылдауға тиіс.

Жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдар, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдар, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген адамдар, лауазымды адамдар тікелей басшысына не өздері жұмыс істейтін ұйымның басшылығына туындаған мүдделер қақтығысы туралы немесе оның туындау мүмкіндігі туралы, өздеріне бұл жөнінде мәлім болысымен жазбаша нысанда хабарлауға міндетті.

Тікелей басшысы не ұйымның басшылығы аталған адамдардың өтініштері бойынша немесе басқа да көздерден ақпарат алған кезде мүдделер қақтығысын болғызбау және реттеу бойынша мынадай шараларды уақтылы қабылдауға міндетті:

1) лауазымдық міндеттерін орындаудан шеттетуге және мүдделер қақтығысы туындаған немесе туындауы мүмкін мәселе бойынша лауазымдық міндеттерді орындауды басқа адамға тапсыруға;

2) лауазымдық міндеттерін өзгертуге;

3) мүдделер қақтығысын жою бойынша өзге де шаралар.

            Сонымен қатар, мүдделер қақтығысын болғызбау және реттеу жөніндегі шараларды қасақана қабылдамау да тәртіптік теріс қылық деп танылады.

Мемлекеттiк қызметшi, оның тiкелей басшысы және мемлекеттiк органның басшылығы өздерiне белгiлi болған мүдделер қақтығысы жағдайларын болғызбау және реттеу жөніндегі шараларды қабылдамағаны үшiн тәртiптiк жауапкершілікке тартылады.

ҚР Мемелекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа іс-қимыл агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті басшылығымен жақын туыстардың бірлескен қызметі мәселелері және мүдделер қақтығысының өзге де белгілері бойынша күнделікті азаматтарды қабылдау жүргізіледі.

Мүдделер қақтығысы туралы ақпарат болған жағдайда, Департаменттің мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасына Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы 33 үй мекен-жайы, тел: 8(7172) 24-80-32 бойынша хабарласуларыңызды сұраймыз.

 

 Д.Мұқанбедиева

ҚРМҚІСЖҚФ Астана қаласы

бойынша департаменті Мемлекеттік

қызмет саласын бақылау басқармасының бас маманы

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив