Қазақстанның Бас Прокуроры Түркия Жоғарғы сотының төрағасы және Бас Прокурорымен кездесу өтті

Қазақстанның Бас Прокуроры Түркия Жоғарғы сотының төрағасы және Бас Прокурорымен кездесу өтті

23 қазан, Астана қ. Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Түркия Республикасының Жоғарғы сотының төрағасы және Бас Прокурорымен кездесті.

Түрік әріптестерін қарсы ала отырып, Ж.Асанов құқықтық саладағы екі жақты қатынастың достық және сындарлы сипатта екендігін атап өтті.

Сұхбат барысында Қазақстанның Бас Прокуроры түрік тарапына Қазақстан прокуратура органдары қызметінің негізгі бағыттары, сонымен бірге шарттық-құқықтық базаны күшейту және кеңейту бойынша атқарылып жатқан жұмыс туралы ақпарат берді.

Ж.Асанов қонақтарға «Прокуратура туралы» жаңа заң қабылданғаннан кейінгі еліміздің прокуратура органдары қызметіндегі өзгертулермен таныстырып, қылмыстық процесте азаматтарды қорғауды күшейту бойынша қойылған мақсатқа жету үшін салынып жатқан күшті ерекше атап өтті.  

Сұхбаттасушылар өзара қызығушылық танытатын мәселелерді талқылады, сонымен қатар халықаралық күн тәртібінде өзекті проблемалар бойынша пікір алмасты.

Түркия Жоғарғы сотының төрағасы Исмаил Рюштю Джирит және Бас Прокуроры Мехмет Акарджа Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқық қорғау қызметі орталығы және жоба кеңсесінің жұмысымен танысып,  жоғары баға берді. Оларға Елімізде цифрлық технологияны дамыту бойынша Елбасы Жолдауы аясында Бас прокуратура Комитетімен жүзеге асырылып жатқан бірқатар жобалар көрсетілді. Бұл жобалар: «Е – қылмыстық іс», «Әкімшілік өндірістердің бірыңғай тізілімі»,  «Сараптамалық орталық» және т.б.

Data driven decisions (деректер негізіндегі шешімдер) қолдана отырып, процестер алгоритмі және сараптаманы автоматтандыру, сонымен қатар ішкі және сыртқы деректерді біріктіру есебінен, халықты ақпараттандыру және құқық қорғау органдары жұмысының тиімділігін арттыру үшін Сараптамалық орталықтың криминогенді болжамдар мен аналитикалық материалдар беру мүмкіндігін тараптар бірауыздан атап өтті.  

Кездесу соңында Ж.Асанов түрік тарапына Қазақстанға сапары үшін алғысын білдіріп, құқықтық салада өзара қарым-қатынастың одан әрі дамуына ниет білдірді.

 

ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив