Таразда есірткі сатушылардан 5,5 млн теңгеге мефедрон тәркіленді

Таразда есірткі сатушылардан 5,5 млн теңгеге мефедрон тәркіленді

Жамбыл облысының полициясы синтетика сатушылардың қызметін тоқтатты. Ұсталғандар уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Ұзақ уақыт бойғы жедел-тергеу іс-шаралар кешенінің нәтижесінде есірткі құралдарының заңсыз айналымына қатысы бар 2 күдікті – Тараз қаласының 34 және 32 жастағы тұрғындары анықталып, ұсталды.

Олар синтетикалық есірткіні облыс орталығы аумағында таратқан.

Іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында күдіктілердің бірінің үйіндегі жатын бөлмесінен жалпы салмағы 122,37 гр "мефедрон" синтетикалық заты жасырылған орын табылды.

Яғни 330-дан астам доза есірткінің тұтыну үшін таралуына жол берілмеді, оның қара нарықтағы құны 5,5 миллион теңге сомасына бағаланады.

- Екі жақын дос Тараз қаласында есірткі заттарын сатумен айналысқан. Жедел қызметкерлер оларды ұзақ уақыт бақылады. Есірткі сатушыларды ұстау бойынша арнайы операция олардың тұтынушылармен алдын-ала кезекті «келісімінен» кейін жүргізілді, - деді Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Әлім Бажықбаев.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив