Су тасқыны жағдайына қатысты хабарлама – Көлік министрлігі

Су тасқыны жағдайына қатысты хабарлама – Көлік министрлігі

7 сәуір сағат 9.00-дегі жағдай бойынша Қазақстанның 5 өңірінде халықаралық және республикалық маңызы бар 9 автожолда жалпы ұзындығы 2855 км. жол бөлігін су басу фактілері  тіркелді.

Оның ішінде:

- Ақмола облысында 4 сәуірде «Макинск-Ақсу-Торғай» автожолын су шайып кетті (ұзындығы 40-50 м, биіктігі 5-8 см);

- Атырау облысында «Доссор-Құлсары-Сайотес-Шетпе-Жетібай-Ақтау» (101-103 км (ені - 1000 м, биіктігі 25-30 см) және (119-120 км, ені 500, бқозғалыс25-30 см);

- Қостанай облысында «Мариновка ауылына кіреберіс» автожолдары (0-9 км, ені100 м, биіктігі 40 см), «Қарабұтақ-Комсомольское-Денисовка-Рудный-Қостанай» 253-254 км, «Мамлютка-Қостанай» 294 км, «Қостанай-Жақсы» - «Қарабұтак-Қостанай» 4 км, Қостанай қаласының қасында;

- Павлодар облысында «Атамекен-Ертіс-Русская поляна-РФ шекарасы» а/ж 226-227 км;

- Солтүстік Қазақстан облысында «Рощинское-Корнеевка-Волошинка» 34 км.

Аталған учаскелерде көлік кептелісі тіркелмеген. Қазіргі таңда республикалық маңызы бар автожолдарда 297 бірлік техника және 385 адам жұмылдырылған.

Қазақстандық әуежайларда су тасқыны бойынша жағдай тұрақты. Әуежайларда су тасқыны қаупі жоқ. Астана мен Семей халықаралық әуежайларында тәулік бойы кезекшілік, әуеайлақ қоршауының артындағы аумақты аралау және тексеру жұмыстары ұйымдастырылды.

Республикалық теміржолдарда тасқын суларды жасанды құрылыстар (көпірлер, құбырлар, таулы және су бұру арықтары) арқылы өткізу штаттық режимде жүзеге асырылып жатыр.

Магистральдық теміржол бойында тасқын сулардың жиналуы Ақмола, Қостанай, Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстарының шекараларында байқалады. Осыған байланысты айналма жолдарды ұйымдастыру және су тасқыны жағдайын бақылау жөніндегі шаралар күшейтілді.

Теміржолдары су шайып кету қаупі жоқ, барлық қауіпті жерде бақылау жұмыстары жүргізілуде.

Атырау облысы бойынша адамдарды эвакуациялауға қатысты.

Құлсары қаласынан адамдарды эвакуациялау үшін Құлсары-Атырау станциялары арасында 5 вагоннан тұратын қосымша жолаушылар пойызы ұйымдастырылды.

Бірінші рейс 4 сәуірде 49 еріктінің сүйемелдеуімен Атырау станциясынан 21.53-те жергілікті тұрғындарға көмек көрсету үшін жіберілді. Ал 22.55-те Құлсары станциясынан 385 жолаушы, оның ішінде 99 бала эвакуацияланды. 5,6 және 7 сәуірде тағы 3 рейс жасақталды, нәтижесінде 3 мыңға жуық жолаушы тасымалданды.

ҚР Көлік министрлігінің баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив