Қостанай өңіріндегі «Қостанай-Денисовка» автожолы бойынша жол қозғалысы уақытша өзгертілді

Қостанай өңіріндегі «Қостанай-Денисовка» автожолы бойынша жол қозғалысы уақытша өзгертілді

 

Республикалық маңызы бар А-22 «Қарабұтақ-Комсомольский-Денисовка-Рудный-Қостанай» автожолының 389-515 шақырым аралығы қайта жаңарту жұмыстарымен қамтылғандықтан, 2 учаске бойынша уақытша айналма жол ашылды. 

Перелески кенті (427 км) мен Лисаковск қаласының (434 км) аралығында ұзындығы 7 шақырым айналма жол ашылды. Ал екінші учаске бойынша ұзындығы 5 шақырым айналма жол Алчановка кенті (398 км) мен Денисовка кентінің (403 км) арасында орналасқан.

Сонымен қатар, Қостанай өңірінің  М-36 «РФ шекарасы (Екатеринбург)-Алматы» тас жолындағы күрделі жөндеуге байланысты жүру бөлігі уақытша жабылды. Сондықтан жүргізушілер Севастопольский кентінің маңындағы ұзындығы 10,7 шақырым уақытша айналма жол арқылы жүре алады.

Барлық айналма жолдарда жол қозғалысының жылдамдығы сағатына 40 шақырымнан аспауы тиіс. Жабық жол учаскелерінде арнайы жол белгілері орнатылған.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

2 пікір

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив