ҚР АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ВИЦЕ-МИНИСТРІ Е. ТАСЖҮРЕКОВ СЫР ӨҢІРІНЕ ІССАПАР БАРЫСЫМЕН КЕЛДІ

ҚР АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ВИЦЕ-МИНИСТРІ Е. ТАСЖҮРЕКОВ СЫР ӨҢІРІНЕ ІССАПАР БАРЫСЫМЕН КЕЛДІ

Жұмыс сапары барысында Ербол Қуанышұлы облыстың шаруаларымен кездесу өткізді. Кездесу барысында ірі инвестициялық жобаларға жеңілдетілген несие беру мәселелері қаралды. Бұл бағытта биылғы жылы облыста жеңілдетілген несие арқылы ірі 5 жобаны жүзеге асыруға Республикалық бюджеттен 5,0 млрд теңге қаражат бөлінді.

Қаржыландыруға үміткер жобалардың ішінде жаңбырлатып суару бойынша - 3 жоба, жемістер мен көкөністерді сақтау қоймасының құрылысы бойынша - 1 жоба және сүт және сүт өнімдерін өндіру бойынша - 1 жоба қамтылған.

Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ербол Қуанышұлы осы бағыттағы жүзеге асатын инвестжобалардың құрылысымен танысты.

Ең алдымен, «Техоснасткаремсервис» ЖШС-нің 2000 тонналық көкөніс сақтау қоймасының жобасымен танысты.

Сонымен қатар, «Абай Дәулет» ЖШС-нің жұмыс барысымен танысты.  ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ербол Қуанышұлы шаруа қожалық өкілдерімен кездесу өткізіп, ауыл шаруашылығы саласындағы проблемалық мәселелерді ортаға салып, олардың ұсыныс-пікірлерін тыңдады.

Вице-министр шаруалардың алға тартқан мәселелері жіті зерттелетінін, шешімі заң талаптарына сәйкес қарастырылатынын жеткізді.

Сапар барысында «Ауыл аманаты» жобасы арқылы ашылған Шиелі ауданындағы «Барлыбай и К» ӨК-нің томат пастасы өндірісінің жұмыс барысымен танысты. Цехтың қуаттылығы тәулігіне 2 тонна қызанақ пастасын өндіреді. Қазіргі таңға 25 мың банка консервіленген өнімдері (аджика, салаты) сынақ ретінде шығарылды.

Ербол Қуанышұлы «Ауыл Аманаты» жобасы бойынша жылыжай өндірісін қолға алған кәсіпкермен кездесті. Қазіргі таңда жалпы алаңы 2800 шаршы метрді құрайтын 4 жылыжай салынып, 8 000 түп қияр, 2 000 түп қызынақ егілген.

Сапар соңында, ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі өңірдің аграрлық саласын субсидиялау, инвестициялық жобаларды ашу, ауыл халқының табысын арттыру бойынша жеңілдетілген несие беру аясында тиісті шараларды қабылдап, қарқынды дамытуды тапсырды.

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив