Павлодар облысында 2025 жылға дейін АӨК-те 26 инвестициялық жоба іске қосылады

Павлодар облысында 2025 жылға дейін АӨК-те 26 инвестициялық жоба іске қосылады

Павлодар облысында АӨК-те 2025 жылға дейін құны 187,8 млрд теңге болатын 26 инвестициялық жоба іске қосылады. Бұл туралы өңірге жұмыс сапарымен барған ҚР Ауыл шаруашылығы министрі мәлімдеді. Сонымен бірге Ербол Қарашөкеев жаңа кәсіпорындар маусымаралық кезеңде ауыл шаруашылығы өнімдері тапшылығының орнын толтыруға және облыс пен астана базарларындағы бағаларды тұрақтандыруға, сондай-ақ 1000-нан астам жұмыс орнын құруға мүмкіндік беретінін айтты.

Айта кетейік, министр жұмыс сапары аясында бірнеше шаруа қожалықтарында, соның ішінде мал және өсімдік шаруашылығы фермаларында, көкөніс қоймасында болып, 1000 басқа арналған жаңа сүт-тауар фермасының ашылуына қатысты.

Ақтоғай ауданы Жоламан ауылында сүт-тауар фермасы ашылды.  Жобаның құны 6 млрд теңге, оның ішінде "Аграрлық несие корпорациясы"АҚ-ның 5 млрд қарыз қаражаты есебінен ашылған. Ферма жыл сайын 8,9 миллион литрге дейін шикі сүт өндіре алады.

Жалпы, Үкімет тарапынан көрсетіліп жатқан шаралардың арқасында Павлодар облысы АӨК-ті дамытудың оң нәтижелерін көрсетіп отыр. Өңірге инвестициялық субсидиялауға 9,3 млрд теңге, несиелер мен лизинг бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялауға 6,3 млрд теңге, мал шаруашылығын субсидиялауға 8 млрд теңге, өсімдік шаруашылығына шамамен 5,3 млрд теңге бөлінді. Осының барлығы түрлі дақылдардың егіс алқаптарын ұлғайтуға, жаңа сүт-тауар фермалары мен бордақылау алаңдарын ашуға мүмкіндік берді.

Министр сондай-ақ өңірдегі астық жинау науқанының барысымен танысты. Павлодар облысында бүгінгі күні 610,9 мың га астық жиналды - бұл жоспардың 64% құрап отыр. Орташа өнімділік гектарына 9,8 центнер болған кезде 600,5 мың тонна астық бастырылды, 12,5 мың га алаңдағы картоп егінінің жартысы жиналды. Облыста 3,7 мың га-ға 107,5 мың тонна  көкөніс жиналды, бұл жалпы алаңның 50%.

Павлодар облысының Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерімен кездесуде Ербол Қарашөкеев өңірде қант қызылшасын өсіру әлеуетін талқылады. Қазіргі уақытта облыстың суармалы жерлерінің ауданы шамамен 64 мың га құрайды, сондықтан бұл бағыттағы жоба сәтті іске асырылуы мүмкін.

Биыл ауыл шаруашылығына қосымша қаражат бөлінді. Қазіргі уақытта субсидиялаудың жалпы көлемі 451 млрд теңгені құрайды, "Кең дала" бағдарламасы бойынша қаржыландыру 2 есеге артып,   140 млрд теңгені құрады, сондай-ақ форвардтық сатып алуға бөлінген сома өткен жылмен салыстырғанда 2 есеге өсіп, 80 млрд теңгеге жетті. Бұдан басқа, кредиттер мен лизинг бойынша сыйақының қолданыстағы нарықтық мөлшерлемесі 20% болған кезде фермерлер үшін небәрі 6% мөлшерлеме көзделген, қалғанын мемлекет өтейді.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив