СҚО-да студенттер әсерге толы

СҚО-да студенттер әсерге толы "полициядағы күнді" өткізді

https://youtu.be/EnQAEz7JVwM 

СҚУ мен Солтүстік Қазақстан колледждерінің 30 студенті Мақан Есболатов атындағы ҚР ІІМ Алматы академиясының және Халықаралық ынтымақтастық жөніндегі Герман қоғамының ерекше жобасы аясында полиция жұмысымен танысуға бірегей мүмкіндік алды. Іс-шара СҚО полиция департаментімен өткізілді.

"Бүгін сіздер полиция қызметімен танысасыздар, полицейлердің күнделікті жұмысының барлық жауапкершілігі мен ауыртпалығын сезінуге мүмкіндік аласыздар", — деді СҚО ПД бастығы полиция полковнигі Айдын Қабдұлдинов жас қонақтарға. "Бұл сіздерді бей-жай қалдырмайтынына сенімдімін. Бүгін сіздер полиция қызметін жаңа қырынан танитын боласыздар".

Жедел басқару орталығында ұлдар мен қыздар бейнебақылау инспекторларының Петропавлды қалай көретінін біліп, өздерін кезекші ретінде сынап көрді: олар шартты шақыруды қабылдап, қылмысты ашу үшін қажетті ақпаратты бір минут ішінде жазып алуы керек болды. Жалпы, "102" операторының рөлін полицияның қонақтары атқара алды.

Департаменттің бірінші қабатында криминалистер полигонды жабдықтады, онда кісі өлтіру және ұрлық жасалған орындар құрылды. Жоғары деңгейлі мамандардың жетекшілігімен студенттер арнайы киімді киіп, шартты "қылмыскердің" қолдары мен аяқтарының іздерін, иіс пен биологиялық материалдың үлгілерін іздеп, алды, "Faces" бағдарламасының көмегімен күдіктінің фотороботын жасады.

Н.Погодин атындағы орыс драма театры актерларының қатысуымен ойналған сахналық көрініс әсерге толы болды: тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы дәріс "жанжалқой" мен "жәбірленушінің" пайда болуымен үзілді. Тәртіп сақшылары іс жүзінде студенттердің қайсысы шатаспайтынын және учаскелік инспекторды қолдайтынын тексерді. Жігіттер кісендердің көмегімен "жанжалқойды" өз күштерімен тыныштандырып, одан жауап алуға мәжбүр болды. Сонымен қатар, қыздар іс жүзінде жәбірленуші тараппен байланыс орнату, тыныштандыру және сұхбаттасу туралы алған білімдерін қолданды.

Сонымен қатар, студенттер экстремизм бойынша теологтың дәрісін тыңдап, қару-жарақ көрмесін тамашалаған соң, "Менің қазақстандық полициям" тақырыбында эссе жазды. Іс-шара аясында жас полиция қонақтары террористерді бейтараптандыру жөніндегі арнайы бөлімшелердің жұмысын көрді. Олардың көз алдында қызметтік иттер "жарылғыш құрылғыларды" іздеді, содан кейін жарылғыш заттар залалсыздандырылды.

Соңында "Полициядағы бір күнді" өткерген жастар сертификатқа ие болды. Олардың пікірінше, мұндай сабақтар халықтың қауіпсіздігі үшін адамдардың қандай жауапкершілікке тартылатынын жақсы түсінуге көмектескен. "Мен полиция қызметінің қиындықтарға толы екенін сезіндім, сон,дай-ақ қазір менің қызметкерлерге деген құрметім одан сайын арта түсті", — дейді СҚУ 4 курс студенті Гүлмира Баяндина. "Бұл өте қызықты күн болды, ол маған полиция жұмысындағы көптеген күрделі жағдайларға көзімді ашты".

"Полициядағы бір күн" - республикалық жоба, оның міндеті жастарды қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелерінде ынтымақтастыққа тарту. Бұл балаларға полиция қызметкерлерінің алдында тұрған міндеттердің маңыздылығын түсінуге және сезінуге, олардың кез-келген құқық бұзушылыққа төзбеушілігін дамытуға көмектеседі. 

Игорь Мерцалов

СҚО ПД баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив